Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Бангкокта Қазақстан-Таиланд бизнес-форумы өтті

Таиланд Сауда палатасының штаб-пәтерінде екі елдің ресми және іскер топтарының қатысуымен Қазақстан-Таиланд бизнес-форумы өтті. Іс-шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы, Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Марғұлан Баймұхан, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ өкілдері, мемлекеттік органдар, іскерлік қауымдастықтар және Қазақстан мен Таиланд бизнес-қоғамдастығының өкілдері қатысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Форум барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен, тамақ өнеркәсібі, көлік және логистика, цифрлық технологиялар, электрондық коммерция, туризм және тұрақты даму салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

Қазақстанның Орталық Азия, Қытай, Кавказ және Еуропа арасындағы негізгі көлік-логистикалық торап ретіндегі әлеуетін пайдалану мәселесіне, сондай-ақ қазақстандық өнімдерді Таиланд және АСЕАН-ның басқа да елдері нарықтарына ілгерілету перспективаларына ерекше назар аударылды.

Қазақстан тарапынан құттықтау сөз сөйлегендер қатарында Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы және Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Марғұлан Баймұхан болды. Таиланд тарапынан Таиланд Сауда палатасының төрағасы доктор Пож Арамваттананонт, Таиландтың Қазақстандағы Елшісі Пияпин Нийомреркс, сондай-ақ Корольдіктің іскерлік қауымдастығының өкілдері қатысты.

Форум аясында қазақстандық тарап елдің инвестициялық және экономикалық әлеуетін, инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларын, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының, Astana Hub-тың және Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымының мүмкіндіктерін таныстырды. Таиланд бизнесі тарапынан азық-түлік қауіпсіздігі, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, туризм, жаңартылатын энергетика, цифрландыру және заманауи өндірістік тізбектерді дамыту салаларындағы ынтымақтастық перспективалары үлкен қызығушылық тудырды.

Форумның практикалық нәтижесі ретінде Алматы облысының әкімдігі мен Таиландтың туристік қауымдастықтары арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарды қоса алғанда, бірқатар екіжақты құжаттарға, сондай-ақ екі елдің шаруашылық субъектілері арасындағы бірқатар коммерциялық келісімдерге қол қойылды. Қол қойылған құжаттар іскер топтар арасындағы тікелей байланыстарды дамытуға, тай туристерін Қазақстан Республикасына тартуға, сауда-экономикалық және инвестициялық ақпарат алмасуға, бейінді компанияларды қолдауға және бірлескен бастамаларды ілгерілетуге бағытталған.

Сондай-ақ тай бизнесі өкілдерінің тақырыптық презентациялары өтті. Оларда экспорттық-импорттық операциялар, сертификаттау, логистика және дистрибуция арналарын дамыту мәселелері қарастырылды. Іс-шара қорытындысы бойынша екі елдің компаниялары мен іскерлік бірлестіктері өкілдерінің B2B форматындағы екіжақты кездесулері өткізілді.

Форумға қатысушылар сауда-экономикалық кооперацияны одан әрі кеңейтуге, бизнес-қоғамдастықтар арасындағы тікелей байланыстарды жандандыруға және қазақстан-таиланд ынтымақтастығын жаңа деңгейге шығаруға бағытталған бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға өзара мүдделіліктерін растады.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Таиланд арасындағы екіжақты тауар айналымының көлемі 255,1 млн АҚШ долларын құрап, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 8%-ға артты. Қазақстан Таиландтың Орталық Азиядағы негізгі сауда серіктесі мәртебесін сақтап отыр және Таиландтың өңір елдерімен саудасының 70%-дан астамын қамтамасыз етеді. Қазақстан экспортының негізін мұнай және мұнай өнімдері, металдар, химиялық өнімдер және ауыл шаруашылығы шикізаты құрайды, ал Таиландтан импорт азық-түлік тауарларынан, автомобиль жасау өнімдерінен, химия және электрондық өнеркәсіп өнімдерінен, сондай-ақ халық тұтынатын тауарлардан тұрады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жасөспірімдерге арналған жазғы жұмыс бағдарламасы басталады

Қорлан Нұрланқызы
25.05.2026

Алматы облысында соңғы қоңырау соғылды: 20 мыңнан астам түлек үлкен өмірге қадам басты

Қорлан Нұрланқызы
25.05.2026

Құрбан айт: Алматы облысында қауіпсіздік пен санитариялық талап күшейтіледі

Қорлан Нұрланқызы
25.05.2026

Соңғы қоңырау-2026: 3,9 миллионнан астам оқушы оқу жылын аяқтады

Қорлан Нұрланқызы
25.05.2026

Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Қорлан Нұрланқызы
25.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz