Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Балетмейстер Болат Аюханов дүниеден өтті

Қазақ балетінің аңызы, Қазақстанның халық артисі, балетмейстер, педагог Болат Аюханов 84 жасында өмірден өтті.

13.12.2022
Жаңалықтар

Қаралы хабарды мемлекеттік академиялық би театрының баспасөз қызметі растады. Болат Ғазизұлы Аюханов 1938 жылы Семейде дүниеге келді. Соғыстан кейінгі жылдары отбасы Алматыға көшіп келген соң, 1955 жылы Аюханов Алматы хореография училищесіне түсіп,оны тәмәмдады. Одан кейін екі жыл Ленинград хореография училищесінде тәжірибеден өтті.

Ол еңбек жолын 1957 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында балет артисі болып бастады. Ал 1959-1964 жылдары А.В. Луначарский атындағы Мәскеу мемлекеттік театр өнер институтының хореография бөлімінде білім алды.

Алматыға қайтып келісімен 26 жасында Алматы хореография мектебін басқарады. Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында хореограф болып жұмыс істеп жүріп, ол жетекші балерина Инесса Манскаямен бірге өздері ұйымдастырған «Екі актер театрында» өнер көрсетті.

Балетмейстер 1965 жылдан 2010 жылға дейін Қазақстан композиторларының музыкасына 30-дан астам театр қойылымын қойған. Оның қойылымдарын Еуропа, Азия, Солтүстік Америка жұрты да тамашалады.

Артистің «Қыз Жібек», «Гамлет», «Кармен-сюита», «Шыңғысхан», «Болеро», «Қазақ сувенирі», «Батырлар» және басқа да қойылымдары — қазақ балетінің алтын қорына енген спектакльдер. Болат Аюханов Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстанның «Платиналы Тарлан» тәуелсіз отбасылық клубы марапатының, «Фомгед» Халықаралық би фестивалінің (Түркия) алтын медалінің, сонымен қатар мәдениет және өнер саласындағы халықаралық Сократ сыйлығының иегері. Болат Аюхановпен қоштасу рәсімі 15 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді.

Соңғы жаңалықтар

Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан боксшылары анықталды

Қорлан Нұрланқызы
25.03.2026

Иран АҚШ ұсынған келіссөздерден бас тартты

Қорлан Нұрланқызы
25.03.2026

Трамп Иранға 15 тармақтан тұратын бейбіт келісім жобасын ұсынды

Қорлан Нұрланқызы
25.03.2026

Қазақстан жанармай бағасы бойынша әлемдегі ең арзан елдердің қатарында

Қорлан Нұрланқызы
25.03.2026

Қапшағай маңында батпаққа батқан көлік құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
25.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz