Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ArtSport платформасы Қазақстанда жұмысын жалғастырады

Қазақстанда мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстарды жан басына қаржыландыруға арналған ArtSport платформасы өз жұмысын тоқтатпайды. Бұл туралы жобаны әзірлеуші SoftDeCo компаниясы, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.01.2026
Жаңалықтар

Еске салайық, қараша айының соңында ArtSport платформасының 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмысын тоқтатуы мүмкін екені айтылған. Сол кезде Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Алматы, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері баламалы цифрлық платформаларға көшу мәселесін қарастырып жатқанын мәлімдеген болатын.

Алайда 5 қаңтар күні платформа қызметін тоқтатпау туралы шешім қабылданғаны белгілі болды.

Компания таратқан мәліметке сәйкес, бұл шешім SoftDeCo директорлар кеңесінің қорытынды отырысында қабылданған.

«Бүгін SoftDeCo компаниясы директорлар кеңесінің қорытынды отырысында платформаны дамыту және оны сүйемелдеу бойынша жұмыстарды жалғастыру туралы шешім қабылданды. Бұл шешім біздің пайдаланушыларымыздың арқасында қабылданды. Біз ата-аналардан, қызмет көрсетушілерден, жаттықтырушылардан, спорттық және шығармашылық секциялардың өкілдерінен келіп түскен жүздеген өтініштерді, қоңырауларды және ресми хаттарды назарға алдық. Онда жоба тағдырына алаңдаушылық білдіріліп, оның әрі қарай жұмысын жалғастыруға деген тілек айтылған», — делінген хабарламада.

Компания өкілдерінің айтуынша, ArtSport жобасы мемлекет, бизнес, ата-аналар мен балаларды біріктіретін маңызды әлеуметтік платформа болып қалыптасқан. Осы себепті жобаны одан әрі дамыту және жетілдіру жұмыстары жалғасады.

Айта кетейік, ArtSport платформасы арқылы елімізде мыңдаған бала спорттық және шығармашылық үйірмелерге тегін қатысу мүмкіндігіне ие болып отыр.

Тегтер: қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz