Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ақмола облысында жеке ұшақ құлап, екі адам қаза тапты

2025 жылғы 17 тамыз күні сағат 17:40-та Астанадан шамамен 50 шақырым жерде жеке әуе кемесі апатқа ұшырады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.08.2025
Жаңалықтар

Оқиға Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Төңкеріс ауылының маңында болды.

Ақмола облысының Полиция департаменті аталған деректі растады. Қазіргі уақытта ұшақтың құлауына байланысты тергеу амалдары басталған.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Aerostar R40F UP-LA229 маркалы жеңіл моторлы әуе кемесі жалпы авиация желісі бойынша жоспарлы ұшу кезінде жерге қатты қонған. Әуе оқиғаларын тергеу қағидаларына сәйкес арнайы комиссия құрылды. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Оқиғалар мен инциденттерді тергеп-тексеру департаментінің мамандары апат орнына шыққан.

Көліктегі полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, апат салдарынан екі адам – ұшқыш пен жолаушы көз жұмды. Қылмыстық кодекстің 344-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта апаттың нақты себептері анықталуда. Өзге мәліметтер қылмыстық-процестік заңнамаға сәйкес жарияланбайды.

Тегтер: қазақстанұшақ апаты

Соңғы жаңалықтар

Жол қауіпсіздігі – әр адамның жауапкершілігі

Диана Ахметова
20.07.2026

Наркоқылмысқа – жол жоқ!

Диана Ахметова
20.07.2026

Алкогольге тәуелділік – денсаулық пен қоғамға төнген қауіп

Диана Ахметова
20.07.2026

Интернет-дүкендегі алаяқтық: онлайн саудада қалай алданбауға болады?

Диана Ахметова
20.07.2026

Жеке мүлік – заңмен қорғалатын құқық

Диана Ахметова
20.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz