Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында саяси қуғын-сүргін құрбаны Ілияс Жансүгіровтің рухына тағзым етілді

31.05.2022
Жаңалықтар

Талдықорғандықтар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ғылым жолында тер төгіп, өз елінің тарихы мен зиялыларын дәріптегені үшін қуғын-сүргінге тап болған құлагер ақын Ілияс Жансүгіровтің рухына тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Ескерткіш жанына облыс әкімі Қанат Бозымбаев, ақынның немере қарындасы Нұрпан Жансүгірова, «Ілиястану» ғылыми-зерттеу орталығының меңгерушісі Мұратбек Иманғазинов және облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт жиналып, репрессия құрбандарының өмір жолдары туралы сыр шертісті.

«90 жылдарда Ілияс Жансүгіровтың Жаңалық ауылында жерленгені туралы ақпарат пайда болды. Сол ақпарат туралы зерттеу жүргізгенде ол жерде екі жарым мың адам жерленгенін білдік. Бірақ Ілияс қайда екенін біз нақты айта алмаймыз. Онымен бірге Жұмат Шанин мен Бейімбет Майлин жатыр», — деді Ілиястанушы.

Жиыннан кейін облыс әкімі мешітте болып, қуғын-сүргін құрбандарының рухына арнап құран бағыштады.

Тарихқа жүгінсек, аймақта 4125 адам «халық жауы» атанып, өлім жазасына кесілген. Ал елімізде 103 мыңнан астам адам қуғынға ұшырап, 25 мыңнан астам адам атылып кеткен.

Соңғы жаңалықтар

Президент БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
25.06.2026

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ

Диана Ахметова
25.06.2026

ИНТЕРНЕТТЕГІ ҚАУІПСІЗДІК – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Диана Ахметова
25.06.2026

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ – ӨМІРДІ САҚТАУДЫҢ БАСТЫ ШАРТЫ

Диана Ахметова
25.06.2026

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – ӘР АЗАМАТТЫҢ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Диана Ахметова
25.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz