Іс-шараға жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, дипломатиялық корпус мүшелері және қоғам қайраткерлері қатысып, Қазақстан мен Қытай арасындағы ақпараттық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Су Фанцю журналистердің қоғамдағы рөліне ерекше тоқталып, олардың мемлекеттер арасындағы өзара түсіністік пен достық қарым-қатынасты нығайтудағы еңбегін жоғары бағалады. Оның айтуынша, сапалы әрі объективті ақпарат халықтар арасындағы сенімді арттырып, мәдени және қоғамдық байланыстардың дамуына ықпал етеді.
Іс-шара барысында Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев та құттықтау сөз сөйлеп, журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ол Қазақстан мен Қытай арасындағы медиа кеңістіктегі серіктестіктің жылдан-жылға нығайып келе жатқанын атап өтіп, ақпараттық, мәдени және гуманитарлық бағыттағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығына тоқталды.
Ресми бөлімнен кейін кездесу еркін пікір алмасу форматында жалғасты. БАҚ өкілдері Бас консулға өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, екі ел арасындағы ақпараттық саясат, мәдени байланыстар мен журналистика саласындағы өзара іс-қимылдың бүгінгі ахуалы және болашақтағы перспективалары жөнінде ашық әңгіме өрбітті.



Кездесу соңында қатысушылар бейресми жағдайда кәсіби тәжірибе алмасып, жаңа байланыстар орнатуға мүмкіндік алды.
Мұндай кездесулер Қазақстан мен Қытай арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып қана қоймай, медиа саласындағы серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге, кәсіби диалогты кеңейтуге және екі ел журналистерінің өзара тәжірибе алмасуына жол ашады.
Іс-шара соңында қатысушылар журналистер қауымына көрсетілген құрмет пен қабылдаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығына алғыс білдірді.





