Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматыда мас күйінде рөлге отырған әйел бес жылға сотталуы мүмкін

Алматыда түнгі сағат үш шамасында көлік басқару құқығынан айырылған әйел мас күйінде рөлге отырып, полицияға ұсталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Бостандық ауданында болған. Тәртіп сақшылары Сәтбаев және Манас көшелерінің қиылысында Toyota Camry автокөлігін тоқтатты.

«Көлік тізгінінде Алматы облысының тұрғыны болған. Тексеру барысында әйелдің бұған дейін мас күйінде көлік жүргізгені үшін сот шешімімен көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Соған қарамастан, ол қайтадан рөлге отырған. Әйелге қатысты тиісті материалдар жиналып, заңда көзделген шаралар қабылданды. Автокөлік мамандандырылған айып тұрағына қойылды», – деп хабарлады Полиция департаменті 2026 жылғы 13 тамызда.

Полиция көлік басқару құқығынан айырылған адамның қайтадан рөлге отыруы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.

Көлік басқару құқығынан айырылған адамның алкогольдік масаң күйде көлік жүргізуі 5 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, 1200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуға, бес жылға дейін бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.

Алматы полициясы түнгі уақытта жолдарда рейд жүргізіп, құқықбұзушыларды анықтау үшін көлік ағынын әдейі тарылту әдісін қолданады. Бұл тәсіл автокөліктердің жылдамдығын төмендетіп, жүргізушілерді тексеруге мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында өртенген үйден құтқарушылар газ баллонын алып шығып, жарылыстың алдын алды

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

Алматыда мас күйінде рөлге отырған әйел бес жылға сотталуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

«Көкпек – Кеген» автожолының бір бөлігін сел суы шайып кетті

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

Марат Сұлтанғазиев ауыл әкімдеріне маңызды міндеттер жүктеді

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

Халықаралық жастар күні: жастар – ел болашағының берік негізі

Қорлан Нұрланқызы
13.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz