Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда екі күнде 2 мыңнан астам көлік айыппұл тұрағына қойылды

Алматы қаласында екі күн ішінде 2 мыңнан астам автокөлік айыппұл тұрағына қойылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.04.2026
Жаңалықтар, Қоғам

Қалада жол-көлік оқиғаларын азайту және жүргізушілер тәртібін күшейту мақсатында «Стоп – бұзушылық» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Полиция департаментінің мәліметінше, шараның екі күнінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 4 828 дерегі анықталған.

Тәртіп сақшылары қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіретін өрескел құқық бұзушылықтарға ерекше назар аударған. Атап айтқанда, көлік құралын басқару құқығы жоқ адамдардың рөлге отыруының 44 дерегі тіркелсе, жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан көлік басқарған 8 жағдай анықталған.

Сонымен қатар, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін пайдалану бойынша 8 дерек және қарсы қозғалыс жолағына шығудың 15 фактісі тіркеліп, олардың жолы кесілген. Полицияның айтуынша, мұндай заңбұзушылықтар ауыр жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі саналады.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 2 мыңнан астам автокөлік, оның ішінде шетелдік тіркеудегі көліктер де арнайы айыппұл тұрағына қойылған.

Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Абдинұр Тасыбаев іс-шараның негізгі мақсаты тек құқықбұзушылықтарды анықтау емес, жол апаттарының алдын алу екенін атап өтті.

«Біз жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін өрескел құқық бұзушылықтардың жолын кесуге басымдық береміз. Мұндай әрекеттер адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді, сондықтан біздің ұстанымымыз қатаң әрі принципті болып қала береді», – деді ол.

Қазіргі уақытта полиция күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Негізгі магистральдарда сүзгілік бекеттер орнатылып, өңірлерден қосымша күштер тартылған.

Құзырлы орган өкілдері профилактика және жазаның бұлтартпастығы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты құралдарының бірі екенін атап өтті.

Тегтер: Басты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мұнай-газ саласының үздіктері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысында кәсіпорындар экологиялық жүктемені азайтуда

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысының спортшысы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
29.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
29.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz