Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, іздестіру жұмыстары таулы аймақта жүргізілуде. Күрделі жер бедері, аумақтың ауқымдылығы және биіктіктің күрт өзгеруі құтқарушылардың жұмысын қиындатып отыр.
Мамандар қол жеткізу қиын учаскелерге ерекше назар аударуда. Атап айтқанда, тау беткейлері, шатқалдар және жүріп өтуі күрделі аумақтар кезең-кезеңімен тексеріліп жатыр.
Іздестіру-құтқару операциясына ТЖМ күштері мен құралдары, сондай-ақ волонтерлер тартылған. Жалпы 88-ге жуық адам, 10 техника, үш кинологиялық есептоп және жеті ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.
Құтқарушылар таулы аумақтарды үздіксіз тексеріп, іздеу аймағын кезең-кезеңімен қамтып жатыр.





