Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы тауларында адасып кеткен екі жасөспірім құтқарылды

Алматы тауларында Башута шыңынан түсу кезінде бағытынан жаңылған екі жасөспірім құтқарылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Құтқарушылардың мәліметінше, 2009 жылы туған қыз бен 2008 жылы туған жасөспірім соқпақтан адасып, өз бетінше төменге түсе алмаған.

Оқиға орнына №23 әмбебап құтқару бөлімшесінің кезекші тобы және ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы жедел жеткен. Құтқарушылар «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортына дейін барып, одан әрі «Кіші айналма» бағытына қарай бет алған. Берілген координаттар бойынша жасөспірімдер табылған.

Мамандар оларды тексеріп, қауіпсіз түрде төменге дейін алып түсіп, «Шымбұлақ» аумағына жеткізді. Түсу барысында бойжеткен ішінің ауырғанын айтып шағымданған.

Оған оқиға орнында Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері медициналық көмек көрсетіп, кейін Алматы қаласының ауруханасына жеткізген.

Құтқарушылар тауға шығатын азаматтарға қауіпсіздік ережелерін сақтап, маршрутты алдын ала жоспарлауға кеңес береді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мұнай-газ саласының үздіктері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысында кәсіпорындар экологиялық жүктемені азайтуда

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысының спортшысы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
29.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
29.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz