Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысының жас футболшылары республикалық аренадан көрінді

Алматыда Тимур Құлыбаевтың Halyk Қайырымдылық қорының бас демеушілігімен жүзеге асып жатқан «Ауыл футбол» жобасы аясында бір аптада бірден үш ірі шара өтті. Аталған іс-шараларға Алматы облысының ауыл командалары, бапкерлері мен жас спортшылары белсенді түрде қатысып, өңірдегі жасөспірімдер футболының қарқынды дамып келе жатқанын көрсетті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.12.2025
Жаңалықтар

Алматы облысының командалары Halyk Open Cup 2025 финалында

18–19 желтоқсанда өткен Halyk Open Cup 2025 республикалық турнирінің финалдық кезеңіне Қазақстанның түкпір-түкпірінен іріктелген 16 үздік команда қатысып, олардың қатарында Алматы облысының ауыл командалары да бар. Командалар қараша айында өткен өңірлік іріктеу кезеңдерінде жоғары нәтиже көрсетіп, елдік финалға жолдама алған.

Алматыда өткен шешуші ойындарда 200-ден астам жас футболшы алаңға шығып, шеберлік пен тәртіпті, жеңіске деген жігерді паш етті. Финалдық кезең Алматы облысы жастары үшін республикалық деңгейде өз әлеуетін көрсетуге мүмкіндік берді.

Турнирге қатысқан командалардың жол шығындары, тұруы мен тамақтануын Halyk Қайырымдылық қоры толықтай қаржыландырды. Бұл қолдау, әсіресе, Алматы облысының шалғай ауылдарынан келген балалар үшін маңызды болды.

Жоба аясында ауыл мен қала балалары арасындағы әлеуметтік айырмашылықты азайту көзделген. Балалардың қабілеті тұрғылықты жеріне емес, мүмкіндігіне қарай бағаланып, спорт арқылы жаңа белестерге шығуына жол ашылды. Бүгінде «Ауыл футбол» Алматы облысындағы көптеген жасөспірім үшін өзін көрсетуге мүмкіндік беретін әлеуметтік тетікке айналып отыр.

«Біздің мақсат – талантты балалардың жолын қаржылық немесе тұрмыстық кедергілер шектемеуі. Сондықтан барлық командаға тең жағдай жасалды. Бұл – әсіресе ауыл балалары үшін болашаққа салынған нақты инвестиция», – деді Halyk Қайырымдылық қорының басқарушы директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Алматы облысының бапкерлері кәсіби біліктілігін арттырды

16–17 желтоқсанда Алматы облысы мен өзге өңірлерден келген ауыл бапкерлеріне арналған #АуылФутболCoach семинарлары өтті. Екі күнге созылған офлайн форматтағы шарада ауыл футболын дамытудағы негізгі мәселелер қамтылды.

Семинар бағдарламасына жаттығу процесін жоспарлау, тәжірибелік дайындық, ата-аналармен және жергілікті билік өкілдерімен тиімді коммуникация орнату, сондай-ақ менеджмент пен тәлімгерлік дағдылар енгізілді.

«Ауыл жағдайында жүйелі жоспар мен ата-анамен дұрыс байланыс команданың дамуына тікелей әсер етеді. Осындай семинарлар Алматы облысындағы балалар футболын жаңа деңгейге көтеруге көмектеседі», – деді семинарға қатысушы ауыл бапкері Нұрбол.

«АуылФутбол Awards–2025»: Алматы облысының өкілдері марапатталды

20 желтоқсанда Алматыда өткен «АуылФутбол Awards–2025» марапаттау рәсімінде 11 номинация бойынша үздіктер анықталды. Бұл кеште Алматы облысының өкілдері ерекше көзге түсті.

2025 жылдың қорытындысы бойынша:

  • «Үздік қоғам белсендісі» номинациясы Алматы облысы Қойшыбек ауылының тұрғыны Калиев Борис Қабдышұлына табысталды;

  • «Үздік шабуылшы» аталымы Алматы облысының RED SAPSAN командасының ойыншысы Қуанышұлы Хамзаға берілді.

Сондай-ақ «Үздік қақпашы» номинациясында жеңіске жеткен жас спортшы Әнуар өз жетістігін футболға баулыған атасына арнады.

Айта кетейік, 2023 жылдан бері Halyk Қайырымдылық қоры #АуылФутбол жобасының бас демеушісі. Қордың қолдауымен Алматы облысында да жоба ауқымы кеңейіп келеді. Бүгінде ауыл командаларының саны бірнеше есе артып, ондаған бапкер кәсіби біліктілігін жетілдірді.

Өңірлік және республикалық Halyk Open Cup турнирлеріне қатысып жүрген Алматы облысының ауыл командалары ел чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болып, халықаралық жарыстарда да бақ сынап жүр. Бұл – ауыл футболының өңірдегі әлеуеті жоғары екенін көрсетеді.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Марат Сұлтанғазиев жас жауынгерлермен жүздесті

Қорлан Нұрланқызы
07.05.2026

Президент Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
07.05.2026

Қонаевта шегірткеге қарсы күрес күшейді: биыл 11 мың гектардан астам жер өңделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.05.2026

Алматы облысында 360 мыңнан астам оқушы бір мезетте ағаш дәнегін екті

Қорлан Нұрланқызы
06.05.2026

Алматы облысында соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден төлем берілді

Қорлан Нұрланқызы
06.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz