Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының тауларында жарақат алған турист құтқарылды

Алматы облысының Қарасай ауданындағы таулы аймақта құтқарушылар жарақат алған туристке жедел көмек көрсетті. Оқиға «Қыздың көз жасы» сарқырамасы маңында, теңіз деңгейінен шамамен 3100 метр биіктікте болған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Алдын ала мәлімет бойынша, 1988 жылы туған әйел тау соқпағымен төмен түсіп келе жатқан кезде тайып құлап, құйымшақ тұсынан жарақат алған. Оқиға туралы хабар түскен бойда Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Құтқару қызметінің мамандары оқиға орнына жедел жеткен.

Құтқарушылар зардап шеккен азаматшаны арнайы зембілге жатқызып, қауіпсіз жерге эвакуациялады. Ол Алмарасан автотұрағына жеткізіліп, сол жерде жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Кейін әйел медициналық тексеруге жіберілді.

ТЖМ мәліметінше, құтқару жұмыстары барысында маршрутта болған тағы екі әйелге де көмек көрсетілген. Алайда олардың жағдайы қанағаттанарлық болғандықтан, медициналық көмек қажет болмаған.

Төтенше жағдайлар министрлігі тауға шығатын азаматтарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Мамандар ауа райын алдын ала бақылап, маршруттың күрделілік деңгейін ескеруге, ыңғайлы аяқ киім мен қажетті құрал-жабдықтарды алып жүруге кеңес береді. Сонымен қатар туристерге жалғыз жолға шықпау және жақындарына жүретін бағыты туралы алдын ала хабарлап қою ұсынылады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Screenshot

Оба: қауіпті инфекциядан қалай сақтанамыз? Маман маңызды кеңес айтты

Қорлан Нұрланқызы
14.07.2026

Алкоголизмнің алдын алу – жарқын болашақтың кепілі

Диана Ахметова
14.07.2026

Жолдағы тәртіп – адам өмірінің кепілі

Диана Ахметова
14.07.2026

ІІМ Telegram-дағы жаңа алаяқтық туралы ескертті

Қорлан Нұрланқызы
13.07.2026

Қазақстанда жоғары оқу орындарының білім гранттарына өтініш қабылдау басталды

Қорлан Нұрланқызы
13.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz