Алматы қаласының Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары 2008 жылы туған екі жасөспірімге көмек көрсетіп, оларды «Аю-Сай» бөгетіне дейін жеткізді. Бұл туралы 2026 жылғы 5 қазанда Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Жасөспірімдер медициналық көмекке мұқтаж болмаған. Оларды туыстары күтіп алып, қалаға жеткізген.
Құтқарушылар тауға шығар алдында бағытты алдын ала жоспарлап, ауа райын ескеру және жақындарына қайда баратынын, қашан оралуды жоспарлап отырғанын хабарлау маңызды екенін еске салады.





