Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының экономикасы екі есе өсті – Марат Сұлтанғазиев

Марат Сұлтанғазиев Qonaev Media  телеарнасының «Әкімге сұрақ» бағдарламасының арнайы шығарылымында Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауыл шаруашылығы, логистика және туризм салалары туралы айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Бағдарлама барысында тұрғындарды алаңдатқан өзекті мәселелер көтеріліп, өңірдің қазіргі ахуалы мен алдағы даму бағыттары талқыланды. Сұхбаттың негізгі бөлігі облыс экономикасындағы өзгерістерге арналды.

Облыс әкімінің айтуынша, 2022 жылы Алматы облысы қайта құрылып, дербес өңір ретінде жұмысын бастағаннан бері негізгі экономикалық көрсеткіштер айтарлықтай өскен.

«Облыс құрылған кездегі ішкі өңірлік өнім көлемі 3,5 трлн теңге болса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 6,7 трлн теңгеге жетті. Ал салық түсімдері 320 млрд теңгеден 618 млрд теңгеге дейін ұлғайды», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Әкімнің сөзінше, экономикалық өсім жаңа жұмыс орындарының ашылуына да оң әсер еткен. Ол облыстың тиімді географиялық орналасуы логистика, өндіріс және сауда салаларын дамытуға мүмкіндік беріп отырғанын атап өтті.

Сұхбат барысында өңір экономикасының құрылымы өзгеріп келе жатқаны айтылды. Бұрын облыста негізгі басымдық ауыл шаруашылығына берілсе, қазір логистика, қойма ісі, өнім өңдеу, өндіріс және қызмет көрсету салалары қарқынды дамып келеді.

Марат Сұлтанғазиев агросектор үлесінің салыстырмалы түрде төмендеуі ауыл шаруашылығы әлсіреп жатыр дегенді білдірмейтінін айтты.

«Бұл – экономиканың әртараптанып келе жатқанын көрсетеді. Басқа салалардың дамуы есебінен өңір экономикасы жаңа деңгейге көтерілді», – деді облыс әкімі.

Қазіргі уақытта облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, сақтау және экспорттау бағыттарына ерекше көңіл бөлініп отыр. Әсіресе логистика мен қойма саласының дамуы жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етуде.

Бағдарлама барысында агротуризм мен экотуризмді дамыту мәселесі де қозғалды. Әкімнің пікірінше, табиғи әлеуеті жоғары Алматы облысы үшін бұл бағыттардың болашағы зор.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Талғардағы қанды оқиға: күдіктілер 15 жылға сотталуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
14.05.2026

Алматы облысының экономикасы екі есе өсті – Марат Сұлтанғазиев

Қорлан Нұрланқызы
14.05.2026

Алматы облысында «Таза Қазақстан» аясында 98 мыңнан астам ағаш отырғызылды

Қорлан Нұрланқызы
13.05.2026

Талғар ауданында кісі өлтіру фактісі бойынша үш адам ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
13.05.2026

«Мойнақ» ГЭС-інің құрылысына үлес қосқан инженер «Барыс» орденімен марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
13.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz