Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының делегациясы Гонконгтегі халықаралық медицина көрмесіне қатысуда

2026 жылғы 11–13 мамыр аралығында Гонконг конвенциялар және көрме орталығында HKTDC Hong Kong International Medical and Healthcare Fair халықаралық медициналық және денсаулық сақтау жәрмеңкесі мен Жаһандық денсаулық сақтау бойынша Азия саммиті (ASGH) өтіп жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Аталған халықаралық іс-шаралар Азиядағы денсаулық сақтау саласындағы инновациялар мен инвестицияларды дамытуға бағытталған жетекші алаңдардың бірі саналады.

Биыл 17-рет ұйымдастырылып отырған халықаралық медициналық көрмеге әлемнің түкпір-түкпірінен 300-ден астам компания мен ұйым қатысуда. Көрмеде биотехнология, медициналық техника, аурухана жабдықтары, зертханалық шешімдер, телемедицина, цифрлық денсаулық сақтау, оңалту және стартап жобалар бағытындағы заманауи технологиялар ұсынылып жатыр.

Көрме аясында роботтандырылған хирургия, виртуалды шындық (VR), сенсорлық және киілетін технологиялар, телемедицина, қартаюға қарсы және оңалту өнімдері секілді денсаулық сақтау саласындағы озық инновациялық шешімдер таныстырылуда.

Іс-шараға Ержан Сүлейменов бастаған Алматы облысының делегациясы да қатысып жатыр. Делегация құрамында өңірдегі бірқатар медициналық ұйымдардың директорлары бар.

Мамандар халықаралық тәжірибе алмасып, медициналық технологиялардың соңғы жетістіктерімен танысуда. Сонымен қатар денсаулық сақтау саласындағы әріптестік байланыстарды нығайту бағытында кездесулер өткізуде.

Жаһандық денсаулық сақтау бойынша Азия саммиті аясында әлемдік деңгейдегі сарапшылар, инвесторлар, ғылыми қауымдастық өкілдері мен бизнес көшбасшылары денсаулық сақтау жүйесін дамыту, инновацияларды енгізу және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылап жатыр.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында өртенген үйден құтқарушылар газ баллонын алып шығып, жарылыстың алдын алды

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

Алматыда мас күйінде рөлге отырған әйел бес жылға сотталуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

«Көкпек – Кеген» автожолының бір бөлігін сел суы шайып кетті

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

Марат Сұлтанғазиев ауыл әкімдеріне маңызды міндеттер жүктеді

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

Халықаралық жастар күні: жастар – ел болашағының берік негізі

Қорлан Нұрланқызы
13.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz