Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының дәрігерлері шетелдік жетекші клиникаларда тағылымдамадан өтті

Алматы облысының дәрігерлері шетелдік медициналық орталықтарда біліктілігін арттырып, заманауи емдеу тәсілдерін меңгеріп қайтты. Биыл өңірдің медициналық ұйымдарынан 29 маман Ресей мен Беларусьтегі жетекші ғылыми және клиникалық орталықтарда тәжірибе алмасу бағдарламаларына қатысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дәрігерлер Санкт-Петербургтегі В.А. Алмазов атындағы Ұлттық медициналық зерттеу орталығында, Санкт-Петербург мемлекеттік педиатриялық медицина университетінде және Беларусь Республикасындағы «Мать и дитя» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығында білімдерін жетілдірген.

Тағылымдама барысында мамандар балалардағы онкологиялық және гематологиялық ауруларды ерте анықтау, ерте араласу және дамыту бағдарламалары, жедел кардиология, сондай-ақ хирургиялық ауруларды емдеудегі аз инвазивті технологиялар бағыттары бойынша тәжірибе жинақтады.

Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов шетелдік тағылымдамалардың өңірдегі медициналық көмектің сапасын арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«Дәрігерлердің шетелдік тәжірибеден өтуі өңір тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттырудың маңызды бөлігі. Алынған білім мен тәжірибені облыстың әрбір ауданында және қаласында тиімді қолданамыз. Бұл әсіресе балалар мен созылмалы аурулары бар науқастар үшін өте маңызды», – деді басқарма басшысы.

Мамандардың айтуынша, халықаралық деңгейдегі тәжірибе алмасу дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, өңірлік медицинаға жаңа әдістер мен технологияларды енгізуге мүмкіндік береді.

Барлық іссапарлар Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Енді дәрігерлер шетелде меңгерген тәжірибесін күнделікті жұмыста қолданып, тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын жақсартуға үлес қоспақ.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында сел қаупін бақылауға арналған маусымдық бекеттер іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
16.06.2026

Hand with Glowing bulb on the wood background

Қазақстанда электр энергиясының шекті тарифтері қайта қаралады

Қорлан Нұрланқызы
16.06.2026

Алматы облысының дәрігерлері шетелдік жетекші клиникаларда тағылымдамадан өтті

Қорлан Нұрланқызы
16.06.2026

Қазақстанда төрт күнде көші-қон заңнамасын 13 мыңнан астам адам бұзған

Қорлан Нұрланқызы
16.06.2026

Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
16.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz