Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының әкімі Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, қазақтың қасиетті қара домбырасы ұлттың рухани тұтастығын айқындайтын, тарихи жады мен мәдени мұрасын ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін баға жетпес құндылық екенін атап өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Өңір басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық домбыра күніне қатысты айтқан сөзін еске алып, бұл мерекенің ұлттық рухты көтеріп, жас ұрпақтың бойына дәстүрлі өнер мен төл мәдениеттің құндылықтарын сіңірудегі маңызы зор екенін айтты.

«Домбыра – қазақтың жаны, тарихы мен тұтас болмысын бейнелейтін қасиетті мұра. Қос ішектен төгілген күйде халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухы, дүниетанымы мен тағдыры жатыр», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Облыс әкімі 1 шілдеден бастап күшіне енген жаңа Конституцияда тарихи-мәдени мұраны сақтау азаматтардың маңызды міндеті ретінде бекітілгеніне назар аударды. Оның айтуынша, бұл ұлттық құндылықтарды қорғауға бағытталған мемлекеттік саясаттың заңдық негізін күшейтеді.

Сондай-ақ өңірде дәстүрлі күй өнерін дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғаны атап өтілді. Бүгінде Алматы облысындағы өнер ұжымдары мен домбыра үйірмелері жас таланттарды тәрбиелеу бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Әкімнің айтуынша, биыл облыс өнерпаздары Қытай, Марокко, Франция және түркі мемлекеттерінде өткен халықаралық мәдени іс-шараларда қазақтың ұлттық әуенін домбырамен орындап, ел өнерін лайықты таныстырып қайтқан. Бұл тәжірибе жас күйшілердің шығармашылық әлеуетін арттырып, өңірдегі дәстүрлі өнер мектебінің дамуына жаңа серпін беріп отыр.

Сонымен бірге өткен жылы ЮНЕСКО аясында кеңінен аталып өткен көрнекті композитор, Қазақстанның Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойы да қазақтың күй өнері мен домбыра мәдениетінің халықаралық деңгейдегі беделін арттырған маңызды оқиға болғаны айтылды.

Құттықтау соңында Марат Сұлтанғазиев домбыраның қазақ халқы үшін жай ғана музыкалық аспап емес, ұлттың рухани тұтастығы мен тарихи жадын сақтайтын қасиетті мұра екенін атап өтті.

«Қасиетті қара домбыраның күмбірі ешқашан үзілмесін, күй өнері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, ұлттық аспабымыздың үні әлемге кеңінен тарай берсін», – деді облыс әкімі.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО Қазақстан халқын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
05.07.2026

Алматы облысының әкімі Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
05.07.2026

Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
05.07.2026

Алматы облысында сел салдары жойылып жатыр: өңір басшысы апат аймақтарын аралады

Қорлан Нұрланқызы
05.07.2026

Қапшағай су қоймасында екі жас суға батып көз жұмды

Қорлан Нұрланқызы
04.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz