Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысындағы түзеу мекемесінде қылмыстық топ құрған 10 адамға үкім шықты

Алматы облысында түзеу мекемесі аумағында ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деп айыпталған 10 сотталушыға қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 12 маусымда Заречный ауылындағы №14 түзеу мекемесінде әрекет еткен ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелеріне қатысты қылмыстық істі қарауды аяқтады.

Тергеу материалдарына сәйкес, 2022–2024 жылдар аралығында аталған мекемеде жазасын өтеп жүрген бірқатар сотталған тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, басқа сотталғандарға жүйелі түрде қысым көрсеткен.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, топ мүшелері психологиялық және физикалық қысым көрсету арқылы өзге сотталғандардан ақша бопсалап отырған. Заңсыз жолмен алынған қаражат банк карталарына, сондай-ақ Kaspi және басқа да мобильді қосымшалар арқылы өз бақылауындағы есепшоттарға аударылған.

Тергеу барысында жәбірленушілердің бірқатары талаптарды орындаудан бас тартқан жағдайда ұрып-соғу, қорқыту, қорлау және өзге де күш көрсету әрекеттеріне ұшырағаны анықталған.

Көпэпизодты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Алматы облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары жүргізді. Іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу, бопсалау және алаяқтыққа қатысты баптары бойынша қаралды.

Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін дәлелдейтін жеткілікті айғақтар мен дәлелдемелер ұсынған.

Істі қарау қорытындысы бойынша сот ұйымдасқан қылмыстық топтың барлық мүшесін тағылған айыптар бойынша кінәлі деп таныды. Оларға 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Жол қауіпсіздігі – әр адамның жауапкершілігі

Диана Ахметова
20.07.2026

Наркоқылмысқа – жол жоқ!

Диана Ахметова
20.07.2026

Алкогольге тәуелділік – денсаулық пен қоғамға төнген қауіп

Диана Ахметова
20.07.2026

Интернет-дүкендегі алаяқтық: онлайн саудада қалай алданбауға болады?

Диана Ахметова
20.07.2026

Жеке мүлік – заңмен қорғалатын құқық

Диана Ахметова
20.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz