Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысындағы Төменгі Көлсай көлінде жаңа құтқару пункті ашылды

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Алматы облысындағы Төменгі Көлсай көлінде салынған жаңа әмбебап құтқару пунктінің ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды lataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Жаңа нысан туристердің қауіпсіздігін арттыру және таулы аймақта туындауы мүмкін төтенше жағдайларға жедел әрекет ету әзірлігін күшейту мақсатында бой көтерген.

Құтқару пунктін дәл осы аумақта орналастыру туралы шешім өңірдің табиғи ерекшеліктерін ескере отырып қабылданған. Бұған дейін Төменгі Көлсай көлінде 1984 жылғы сел тасқындарынан кейін ашылған гидробекет жұмыс істеп келген. Алайда уақыт өте келе ғимарат заманауи талаптарға сай келмейтін болған.

Ашылу барысында мамандар Шелек өзені алабы өңірдегі сел қаупі жоғары аймақтардың бірі екенін атап өтті. Биік таулы аумақта мұздықтар, мұздақтар мен бөгеттік көлдер орналасқандықтан, тұрақты бақылау мен жедел әрекет ету аса маңызды.

Жаңа әмбебап құтқару пункті заманауи байланыс құралдарымен, мониторинг жүргізу жабдықтарымен, тәулік бойы кезекшілік атқаруға арналған үй-жайлармен және арнайы техникамен қамтамасыз етілген.

Нысанда құтқарушылармен қатар ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері жұмыс істейтін болады. Олар «Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағындағы жағдайды тұрақты бақылап, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, құтқару пунктінің құрылысы демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылған. Іс-шара барысында ТЖМ басшысы жобаны қолдаған кәсіпкерлерді ведомстволық медальдармен және алғыс хаттармен марапаттады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының экспорты жаңа белеске шықты: өңір өнімдері әлемнің 61 еліне жөнелтіледі

Қорлан Нұрланқызы
15.07.2026

Screenshot

Оба: қауіпті инфекциядан қалай сақтанамыз? Маман маңызды кеңес айтты

Қорлан Нұрланқызы
14.07.2026

Алкоголизмнің алдын алу – жарқын болашақтың кепілі

Диана Ахметова
14.07.2026

Жолдағы тәртіп – адам өмірінің кепілі

Диана Ахметова
14.07.2026

ІІМ Telegram-дағы жаңа алаяқтық туралы ескертті

Қорлан Нұрланқызы
13.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz