Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты ақпаратқа министрлік жауап берді

Алматы облысының Ақтас кентінде орналасқан Жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық ауруханада пациенттерге қатыгездік көрсетілді деген әлеуметтік желідегі ақпарат ресми тексеру барысында расталмады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.08.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Instagram әлеуметтік желісінде аурухана пациенттерінің құқықтары бұзылды деген ақпарат тарағаннан кейін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті аталған медициналық ұйымға тексеру жүргізген.

Жарияланым авторы өз естеліктеріне сүйеніп, оқиғалардың 2008 жылы аурухананың 7, 10 және 12-бөлімшелерінде болғанын мәлімдеген. Алайда жазбада автордың дербес деректері көрсетілмеген. Сонымен қатар сипатталған оқиғалар шамамен 18 жыл бұрынғы кезеңге қатысты.

Қоғамдық резонансты ескере отырып, тексеру кезінде медициналық көмек көрсету барысында заң талаптарының сақталуы, психикалық денсаулық саласындағы медициналық-әлеуметтік көмектің сапасы және пациенттерді дәрілік заттармен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

2026 жылғы 7 тамыздағы №127 тексеру актісіне сәйкес пациенттерге физикалық шектеу шараларын қолдану, ықпал ету құралы ретінде дәрілік препараттарды пайдалану немесе олардың ар-намысына тиетін әрекеттер жасау фактілері расталмаған.

Министрлік әлеуметтік желідегі жарияланымда көрсетілген мәлімдемелер ресми тексеру барысында анықталған мән-жайларға сәйкес келмейтінін хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігі пациенттердің құқықтарын, ар-намысы мен қауіпсіздігін сақтау басты басымдықтардың бірі екенін атап өтті. Психикалық бұзылыстарды диагностикалау және емдеу Қазақстан Республикасының заңнамасына және Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-224/2020 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Ведомство медициналық көмектің сапасы мен пациенттердің құқықтарының сақталуына бақылау жалғасатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ министрлік көрінеу жалған ақпарат тарату оның мазмұны мен таралу жағдайына байланысты Қазақстан заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тозығы жеткен 22 үй сүріледі: тұрғындар қайда көшіріледі?

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Қонаевта «Қазақстан – Дания» бизнес-форумы өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Алматы облысында 344 млн долларға салынған ірі сусын өндіретін зауыт ашылды

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Қонаевта жасанды интеллектіні меңгерген үздік педагогтер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Құқықтық тәртіп және қоғамдық тұрақтылық

Акжаркын
01.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz