Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысындағы дәстүрлі бокс турнирі жас чемпиондардың жаңа буынын анықтады

Алматы облысының Қарасай ауданында Алматы облысының Құрметті азаматы, спорт ардагері Сейітқали қажы Ыбытаевтың құрметіне арналған VII ашық республикалық бокс турнирі өз мәресіне жетті. Жыл сайын ауқымы кеңейіп келе жатқан дәстүрлі дода биыл да еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелден келген жас былғары қолғап шеберлерінің басын қосты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
30.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Биылғы жарысқа 2012–2013 жылы туған 130-дан астам жас боксшы қатысты. Турнирде Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген командалармен қатар Оман, Қырғызстан, Өзбекстан және Әзербайжан елдерінің спортшылары бақ сынады. Бұл жарыстың халықаралық деңгейге көтеріліп, жас спортшылар үшін тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналғанын көрсетті.

Спорт пен руханият үндескен тағылымды турнир

Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне турнир есімі берілген қоғам және дін қайраткері, Алматы облысының Құрметті азаматы Сейітқали қажы Ыбытаев арнайы қатысты.

Ол отыз жылға жуық уақыттан бері Қазақстандағы ең көне «Сат» мешітінің имамы қызметін атқарып келеді. Сонымен қатар 1990-жылдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары болған. Руханиятты, мәдениетті және ұлттық құндылықтарды дамытуға қосқан еңбегі үшін оған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шешімімен «Үздік ардагер имам – 2024» атағы берілген.

Спорт ардагері бүгінде де салауатты өмір салтын ұстанып, күрес пен шығыс жекпе-жек өнерімен тұрақты түрде айналысады. Оның өмір жолы жастарға қайсарлықтың, тәртіптің және еңбекқорлықтың жарқын үлгісі саналады.

Жас спортшыларға ақ батасын берген Сейітқали қажы Ыбытаев турнирдің тәрбиелік маңызына ерекше тоқталды.

«Көптеген жас спортшылар осы рингте алғаш рет бақтарын сынап жатыр. Олар мұнда мінез, батылдық, қайсарлық, табандылық және қарсыласқа деген құрмет сияқты нағыз спортшыға тән қасиеттерді көрсетуде. Бұл балаларды алда үлкен жарыстар күтіп тұр деп сенемін. Осындай турнирлер арқылы боксшылар шеберліктерін шыңдап, өз мүмкіндіктерін танытады. Спортты қолдап жүрген барлық азаматтарға алғысымды білдіремін. Осындай сыннан өткен балалар ертең ел намысын, Отан абыройын қорғайтын азамат болып өседі», – деді ол.

Болашақ чемпиондарға жол ашатын дода

Бес күнге созылған жарыста 15 салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар анықталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жарыстар еліміздің спорт резервін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Соңғы жылдары Алматы облысында жасөспірімдер арасындағы жарыстар саны тұрақты түрде артып келеді. Бұл жас спортшыларға тәжірибе жинақтауға, ал жаттықтырушыларға шәкірттерінің дайындық деңгейін нақты нәтижелер арқылы бағалауға мүмкіндік береді.

Турнирдің бас төрешісі Еламан Жұмашев жарыстың жыл сайынғы халықаралық деңгейінің артып келе жатқанын ерекше атап өтті.

«Бұл дәстүрлі турнир салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, жаңа таланттарды анықтауға зор ықпал етеді. Жас боксшылар жоғары техникалық шеберлік, жақсы дене дайындығы және жеңіске деген жігер көрсетті. Ең бастысы – жарыстың географиясы жыл сайын кеңейіп келеді. Биыл Қазақстан өңірлерінен бөлек, Оман, Қырғызстан, Өзбекстан және Әзербайжаннан келген спортшылардың қатысуы турнирдің беделін арттыра түсті. Мұндай жарыстар спорттық достықты нығайтып, тәжірибе алмасуға және болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге мүмкіндік береді», – деді ол.

Қазақстан құрамасы көш бастады

Турнир қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Қазақстан құрамасы иеленді. Екінші орын Өзбекстан құрамасына бұйырса, үшінші сатыға Әзербайжан құрамасы тұрақтады.

Алматы облысының жас боксшысы Серік Нұрсұлтан жарыстың «Үздік боксшысы» атанды.

Қазақстан Республикасының бокс бойынша спорт шеберлігіне кандидат Серік Нұрсұлтан бұл жеңістің өзі үшін ерекше екенін айтты.

«Менің қоржынымда халықаралық және республикалық жарыстардың жүлделері бар. Бірақ бұл турнирдегі жеңістің орны бөлек. Өйткені жарыс өмір бойы қайсарлықтың, спортқа адалдықтың және адамгершілік қасиеттердің үлгісін көрсетіп келе жатқан тұлғаның құрметіне арналған. Біз сияқты жас спортшылар үшін бұл – үлкен өнеге», – деді жас былғары қолғап шебері.

Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар бірқатар спортшы Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат нормативін орындап, кәсіби мансабындағы маңызды белесті бағындырды.

Осылайша, Сейітқали қажы Ыбытаевтың құрметіне арналған дәстүрлі турнир тағы бір мәрте жас боксшылардың шеберлігін шыңдап қана қоймай, олардың үлкен спортқа бастар жолындағы маңызды баспалдақ екенін дәлелдеді. Жыл сайын халықаралық деңгейі артып келе жатқан жарыс болашақ чемпиондарды тәрбиелейтін беделді спорт алаңына айналып отыр.

 

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысындағы дәстүрлі бокс турнирі жас чемпиондардың жаңа буынын анықтады

Қорлан Нұрланқызы
30.06.2026

Алматы облысында сегіз пәтерлі тұрғын үй өртеніп кетті

Қорлан Нұрланқызы
30.06.2026

Ауылдан әлемдік аренаға: AUYL SPORT спортшылары халықаралық турнирлерде топ жарды

Қорлан Нұрланқызы
30.06.2026

Алматы облысында тағы бір республикалық жол ақылы жүйеге көшеді

Қорлан Нұрланқызы
30.06.2026

Алматы облысында қарақұйрық атқан браконьерлер ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
30.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz