Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысындағы бірнеше елді мекен мен саяжайда жарық пен су мәселесі шешілді

Алматы облысының бірқатар елді мекені мен саяжайларында электр энергиясы мен ауыз суға қатысты туындаған мәселе толық шешімін тапты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
11.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Облыс әкімдігінің мәліметінше, жекеменшік электр жеткізуші компаниялардың миллиардтаған теңге көлеміндегі қарызы салдарынан жарықтан ажыратылған тұрғындарға электр энергиясы қайта беріле бастады. Коммуналдық түйткіл Алматы облысы әкімдігі мен «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ арасында жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде шешілген.

Электр энергиясының өшірілуі елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ететін су алу ұңғымалары мен сорғы станцияларының жұмысына да әсер еткен. Соның салдарынан тұрғындар жарықпен қатар ауыз су тапшылығына тап болды.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, қалыптасқан жағдайға жекелеген электр жеткізуші ұйымдардың «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ алдындағы қордаланған берешегі себеп болған. Ең ірі қарыз Қарасай ауданында қызмет көрсететін «BeyAzh Trans» ЖШС-не тиесілі. Кәсіпорынның берешегі 1,1 миллиард теңгеден асады.

Мәселені шешу үшін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары Әсет Масабаевтың төрағалығымен шұғыл кеңес өткізілді. Кездесу қорытындысы бойынша өтелмеген қарызға қарамастан тұрғындарды электр энергиясымен қамтамасыз етуді қайта бастау туралы келісімге қол жеткізілген.

Нәтижесінде Қарасай ауданындағы электрмен жабдықтау 10 маусым күні толық қалпына келтірілді.

Аудан әкімдігінің хабарлауынша, тек мәселенің салдарын жоюмен шектелмей, мұндай жағдайдың қайталануына жол бермеу бағытында да нақты шаралар қабылданды.

Атап айтқанда, «Асыл Арман», «Алтын Ауыл» және «Өмірзақ» тұрғын үй кешендерінің электр желілері «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның сенімгерлік басқаруына берілді. Бұл шешім тұрғындарға электр энергиясы үшін төлемдерді делдалсыз, тікелей жеткізуші компанияға төлеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар әрбір тұтынушыға жеке дербес шоттар ашылады.

Сондай-ақ Қарасай ауданы әкімінің өкімімен сумен жабдықтау жүйелері «Таусамалы қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының балансына өткізілді.

Ал «BeyAzh Trans» ЖШС-нің берешегі заңнамада көзделген тәртіппен кәсіпорын мүлкін өндіріп алу және сату арқылы өтелетін болады.

Еске салайық, бұған дейін «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ төлемдерін ұзақ уақыт өтемеген тұтынушыларға қатысты 8 маусымнан бастап электр энергиясын беруге шектеу енгізілетінін хабарлаған болатын.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында қоқысқа толған жер телімдерінің иелері тексеріледі

Қорлан Нұрланқызы
11.06.2026

Алматы облысында «ҚазМясо» бордақылау алаңының әлеуеті талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
11.06.2026

Алматы облысында құс фабрикасының өндірістік әлеуеті артады

Қорлан Нұрланқызы
11.06.2026

Алматы облысында тұрғын үй ауласынан шыққан жылан ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
11.06.2026

Алматы облысындағы «Кеген – Нарынқол» жолында бір айға қозғалыс шектеледі

Қорлан Нұрланқызы
11.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz