Рейтинг қорытындысы бойынша Алматы облысынан бес мектеп республиканың үздік олимпиадалық командалары қатарына енді.
Атап айтқанда:
– А.Малькеев атындағы «Білім-Инновация» лицей-интернаты – 32-орын;
– Ш.Смағұлов атындағы «Білім-Инновация» лицей-интернаты – 48-орын;
– №38 мектеп-гимназиясы – 69-орын;
– Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп – 96-орын;
– №29 орта мектеп – 102-орын иеленді.
Соның ішінде Өтеген батыр ауылындағы №38 мектеп-гимназиясы биыл 69-орынға тұрақтап, өткен жылдармен салыстырғанда көрсеткішін жақсартты.
Мектептің олимпиадалық нәтижелері төмендегідей:
– 2022–2023 оқу жылы – 102-орын;
– 2023–2024 оқу жылы – 59-орын;
– 2024–2025 оқу жылы – 112 (86)-орын;
– 2025–2026 оқу жылы – 69-орын.
Биыл республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасына мектептен бес оқушы қатысқан.
Атап айтқанда:
– Атангараева Дамиля құқық негіздері пәнінен І орын алды;
– Тажбенова Дамиля осы пән бойынша ІІІ орын иеленді;
– Бекімжан Алинұр география пәнінен грамота алды;
– Нұрланұлы Әділет информатика пәнінен сертификатпен марапатталды;
– Цхе Аделина орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сертификат иеленді.
Айта кетейік, 2024–2025 оқу жылында Алматы облысынан төрт мектеп республиканың үздік олимпиадалық командалары қатарына енсе, биыл бұл көрсеткіш бес мектепке жетіп отыр.





