Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жоңышқа жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр

Алматы облысында мал азығын дайындау жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Биыл өңірде 206,6 мың гектар алқапқа мал азығы дақылдары егілсе, оның 77 мың гектарға жуығын көпжылдық жоңышқа құрайды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
11.08.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, алғашқы орым кезінде 374 мың тонна жоңышқа жиналған. Орташа өнімділік гектарына 48,6 центнерді құрады. Қазіргі уақытта екінші орымды аяқтау жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінде жиналған жоңышқаның жалпы көлемі 658 мың тоннаға жеткен.

Өңірдегі мал азығын дайындап жатқан шаруашылықтардың бірі – Еңбекшіқазақ ауданы Саймасай ауылдық округіндегі «Жанашар» шаруа қожалығы. Кәсіпорын 200 гектарға жуық алқапқа дәнді және мал азығы дақылдарын еккен. Оның 61 гектары жоңышқаға тиесілі. Сонымен қатар шаруашылықта жүгері, күздік бидай, арпа және сұлы өсіріледі.

Шаруа қожалығы егін шаруашылығымен қатар мал өсірумен де айналысады. Алқаптан жиналған өнім шаруашылықтың өз фермасына жеткізіліп, мал азығына пайдаланылады.

Қожалық басшысы Александр Гардттың айтуынша, бүгінде шаруашылықта 300 бас ірі қара, сондай-ақ жылқы мен қой бар. Негізгі бағыт – сүт және ет өндіру.

«Қазір күн сайын ірі компанияларға шамамен 600 литр сүт өткіземіз. 100 литрін балалар лагері тұтынады, тағы 100 литрін бұзауларға қалдырамыз. Жалпы тәулігіне 800 литрдей сүт өндіреміз. Ендігі мақсатымыз – бұл көрсеткішті екі есеге арттыру. Осы мақсатта көршілес облыстардан жас мал сатып алдық. Өзіміздің де төлдеріміз бар. Жоспар бойынша 2027 жылдың соңына қарай тәулігіне шамамен 1,5 тонна сүт өндіретін боламыз», – дейді Александр Гардт.

Осындай шаруашылықтар өңірдің аграрлық әлеуетін арттырумен қатар, ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуға және халықты сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етуге үлес қосып келеді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тауда жарақат алған турист әйел эвакуацияланды

Қорлан Нұрланқызы
11.08.2026

Алматы облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған акция өтті

Қорлан Нұрланқызы
11.08.2026

Алматы облысының спортшысы Ксения Прозорова Азия чемпионы атанды

Қорлан Нұрланқызы
11.08.2026

Алматы облысында жоңышқа жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
11.08.2026

Қонаев тұрғындары отбасылық зорлық-зомбылық мәселесі бойынша онлайн кеңес ала алады

Қорлан Нұрланқызы
11.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz