Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жоғары технологиялық есірткі зертханасы әшкереленді

Алматы облысында полицейлер жоғары технологиялық жабдықпен қамтылған жасырын есірткі зертханасын анықтап, заңсыз өндірістің жолын кесті. Тергеу мәліметінше, күдіктілер бір жыл бойы элиталық каннабис сұрыптарын өсіріп, дайын өнімді сатумен айналысқан. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Ведомство мәліметінше, қылмыстық топ есірткі құрамды өсімдіктерді өсіруден бастап, дайын өнімді өткізгенге дейінгі толық өндірістік тізбекті жолға қойған.

Зертхана заманауи технологиялармен жабдықталған. Онда автоматтандырылған желдету, жарықтандыру, суару және температураны бақылау жүйелері орнатылған. Тергеу нұсқасына сәйкес, дайын өнім VIP-клиенттерге сатылып отырған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері жертөледе орналасқан, кіреберісі жасырылған арнайы орынға тінту жүргізді.

Нәтижесінде құқық қорғау органдары:

  • 29 түп қарасораны;
  • 27 келі дайын есірткіні;
  • өсімдіктерді өсіруге арналған арнайы жабдықтарды;
  • электрондық ақпарат тасымалдағыштарды;
  • байланыс құралдарын;
  • 3 миллион теңге көлеміндегі қолма-қол ақшаны;
  • тіркелмеген травматикалық қару мен оған арналған оқ-дәрілерді тәркіледі.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасының бастығы Бақытжан Әмірхановтың айтуынша, заңсыз өндірісті ұйымдастырды деген күдікке 40 жастағы ер адам ілінген.

«Тергеу барысында күдіктінің ұзақ уақыт бойы каннабис өсіру технологияларын зерттегені анықталды. Ол шетелдерге барып, арнайы жабдықтар сатып алған. Сонымен қатар аумағы 100 шаршы метрден асатын жеке ғимарат салып, есірткі өндірісін кеңейтуді жоспарлаған», – деді Бақытжан Әмірханов.

Кейін жүргізілген жедел іс-шаралар барысында күдіктінің ықтимал сыбайласы ұсталды.

Ол – 45 жастағы, бұрын бірнеше рет аса ауыр қылмыстар үшін сотталған ер адам.

Оның гаражына жүргізілген тінту кезінде:

  • 4 келі гашиш;
  • оралған есірткі заттары;
  • zip-пакеттер;
  • есірткіні буып-түюге және қолдануға арналған құралдар тәркіленді.

Қазіргі уақытта барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеушілер қылмыстық топтың басқа қатысушыларын, есірткі өсіруге арналған жабдықтар мен тұқымдарды жеткізу арналарының анықтап жатыр.

Сондай-ақ, тергеу нұсқасына сәйкес, заңсыз табысқа сатып алынған болуы мүмкін мүліктерге, оның ішінде жылжымайтын мүлік пен қымбат автокөліктерге тыйым салынды.

Құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатқанын еске салып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттың заңды күшіне енген үкімі шыққанға дейін әрбір адам кінәсіз деп саналатынын мәлімдеді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

«Сайлау қорытындысына күмән келтіруге негіз жоқ» – Азаматхан Әміртаев

Қорлан Нұрланқызы
24.08.2026

Алматы облысында «Алтын адам кубогы» халықаралық бокс турнирі басталды

Қорлан Нұрланқызы
24.08.2026

Алматы облысында 4,6 млрд теңгеге банан өсіретін жылыжай салынуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
24.08.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Диана Ахметова
24.08.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Диана Ахметова
24.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz