Төтеншеліктердің мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 111 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.
«ҚР ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2026 жылғы 8 маусымда Астана уақытымен сағат 21:55-те жер сілкінісі тіркелді», деп нақтылайды құзырлы орган.
- Жер сілкінісінің координаттары: 42.920° с.е., 78.188° ш.б.
- Тереңдігі – 5 км.
Есептік қарқындылығы (баллмен):
- Алматы облысы, Кеген ауданы, Саты ауылы – 2,5 балл;
- Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалағаш ауылы – 2 балл.
Қандай да бір қирандылар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.





