Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында Жеңіс күніне арналған ауқымды еске алу шаралары өтті

Алматы облысында Жеңіс күні кең көлемде аталып өтіп, өңірдің барлық аудан-қалаларында еске алу рәсімдері, концерттер мен патриоттық акциялар ұйымдастырылды. Мыңдаған тұрғын майдангерлер рухына тағзым етті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Негізгі іс-шаралар Қонаев қаласында өтті. Даңқ мемориалында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің, күштік құрылымдар басшыларының, депутаттардың, ардагерлер мен қоғам өкілдерінің қатысуымен Мәңгілік алауға гүл қою рәсімі ұйымдастырылды.

Жиналған жұрт бір минут үнсіздікпен соғыста қаза тапқан боздақтарды еске алып, Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойды. Кейін мерекелік шаралар Б. Соқпақбаев атындағы орталық саябақта жалғасты. Мұнда концерттік бағдарлама, патриоттық флешмобтар және еске алу акциялары өтті. Сонымен қатар «Шарапат» оңалту орталығында тыл еңбеккерлері мен қарттарға арналған арнайы концерт ұйымдастырылды.

Алатау қаласының Жетіген ықшамауданында да мерекелік шаралар өтті. Тұрғындар орталық алаңға отбасыларымен жиналып, ата-бабаларының суреттерін алып келді. Мұнда гүл қою рәсімі мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Еңбекшіқазақ ауданында Жеңіс күні аясындағы шаралар ерекше ауқымда өтті. Есік қаласындағы обелиск маңында өткен негізгі рәсімге аудан басшылығы мен мыңдаған тұрғын қатысты. Ауылдық округтерде тұрғындар ескерткіштерге гүл қойып, соғыстан оралмаған жерлестерін еске алды.

Сонымен қатар, өңірде спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Есікте грек-рим күресінен республикалық турнир өтсе, Шелек ауылында еркін күрестен еске алу жарысы ұйымдастырылды. Ащыбұлақ пен Ташкенсаз ауылдарында футбол турнирлері өтті.

Рахат ауылында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш жаңғыртудан кейін қайта ашылды. Шарадан кейін ауыл мешітінде майдангерлердің рухына арнап ас берілді.

Кеген ауданында тұрғындар соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арналған бірнеше мемориалға гүл қойып, тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетті.

Ұйғыр ауданындағы негізгі іс-шара Шонжы ауылында өтті. Жиналғандар соғыста қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, мемориалға гүл шоқтарын қойды.

Талғар ауданында мерекелік шаралар Жеңіс саябағында ұйымдастырылды. Мұнда құрмет қарауылы қойылып, концерттік бағдарлама өтті. Іле ауданында да тұрғындар мемориалдар маңына жиналып, майдангерлерді еске алды.

Жамбыл ауданында Ұлы Отан соғысының ардагері Федор Ковалев арнайы құттықталды. Ардагердің үйіне барып, сый-сияпат табысталды.

Балқаш ауданында бірнеше ауылда «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс», «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты еске алу кештері ұйымдастырылды.

Биылғы мерекенің басты ерекшелігі өңір тұрғындарының соғыс тарихына деген құрметі мен тарихи жадты сақтауы болды. Тұрғындар майдан әндерін айтып, естеліктерімен бөлісіп, мемориалдар жанында тағзым ету арқылы ерлікке құрмет көрсетті.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Аким Алматинской области вручил ключи от нового автомобиля Асем Орынбай

Николай Иващенко
09.05.2026

День Победы в Алматинской области: новые памятники, спортивные соревнования и возложение цветов

Николай Иващенко
09.05.2026

Аким Алматинской области Марат Султангазиев принял участие в церемонии возложения цветов к Вечному огню

Николай Иващенко
09.05.2026

Олжас Бектенов, Маулен Ашимбаев и Ерлан Кошанов почтили память погибших в годы войны

Николай Иващенко
09.05.2026

Ветеранам войны выплатили по пять миллионов тенге в Алматинской области

Николай Иващенко
09.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz