Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жасөспірімдер ер адамды соққыға жыққан

Әлеуметтік желілерде Алматы облысының Қаскелең қаласында бір топ жасөспірімнің ер адамды соққыға жығып жатқан бейнежазбасы тарады. Желі қолданушыларының мәліметінше, оқиға кезінде зардап шеккен азамат мас күйде болған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Оқиғаға қатысты Алматы облысы Полиция департаменті ресми түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, бейнежазбада көрініс тапқан оқиғаның барлық қатысушылары анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілген.

Тексеру барысында зардап шеккен азамат құқық қорғау органдарына ешқандай шағымы жоқ екенін айтып, полицияға арыз жазудан бас тартқан.

Соған қарамастан, полиция кәмелетке толмағандардың әрекетіне құқықтық баға беріп, олардың ата-аналарын әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар оқиғаға қатысты жиналған материалдар кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына жолданды.

Полиция департаменті жасөспірімдердің құқыққа қайшы әрекеттеріне заң аясында тиісті шаралар қабылданатынын атап өтті.

Құқық қорғау органдары ата-аналарды балалардың бос уақытын бақылауға, олардың мінез-құлқына жауапкершілікпен қарауға және құқық бұзушылықтың алдын алуға ерекше назар аударуға шақырды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүгері жинау науқаны қызу жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Қонаевта шетелдік университеттердің білім көрмесі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

«Таза Қазақстан»: жыл басынан бері абаттандыру ережесін бұзудың 2740 дерегі анықталды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы мен облысты байланыстыратын жолдар кеңейтіледі: Үкімет ірі жобаларды тексерді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа тәсілі қолға алынды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz