3 қарашада Telegram-дағы kris.p.media арнасы полиция жануарларға арналған Dog house «Твардовский дом» панасының негізін қалаушы Владимир Тепляковты өлтірді деген күдіктіні ұстағанын хабарлады.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, полиция қызметкерлері биыл 7 қазанда ер адамнің өлімі бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды, ол қазіргі уақытта қамауға алынды.
Тергеу аясында ұсталған адамның аталған кісі өліміне қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, сондай-ақ қылмыстық істі толық, жан-жақты және объективті зерттеу мақсатында болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», — деп хабарлады ПД өкілдері.
Тергеу барысы Алматы облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында екені аталып өтті.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.





