Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жаңа спорт кешені ашылды

Алматы облысының Балқаш ауданындағы Бақбақты ауылында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Ауыл тұрғындары үшін маңызды нысанның ашылу салтанатына жергілікті халық көптеп жиналып, қуанышты сәттің куәсі болды.

Айтулы шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа спорт нысанының ашылуымен құттықтады.

Жаңа спорт кешені ауылға жанашыр азаматтардың жеке қаражаты есебінен салынған. Нысанның жалпы аумағы 1007 шаршы метрден асады. Кешенде футбол, баскетбол және волейбол ойнауға арналған әмбебап спорт алаңы, жекпе-жек түрлеріне арналған күрес залы, техникалық бөлмелер және ашық аспан астындағы заманауи жаттығу алаңы қарастырылған.

Спорт кешені бір мезетте шамамен 250 спортшыны қабылдай алады.

Салтанатты шара барысында Марат Сұлтанғазиев бұқаралық спортты дамыту Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың негізгі басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың дені сау, мықты азамат болып өсуі үшін бұқаралық спортты дамыту аса маңызды екенін үнемі айтып келеді. Ауылдық жерлерде спорт инфрақұрылымын дамыту – жас ұрпақтың болашағына жасалған инвестиция. Бүгінгі ашылып отырған спорт кешені – осы бағыттағы жүйелі жұмыстардың нақты нәтижесі», – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы Балқаш ауданынан еліміздің абыройын асқақтатып жүрген талантты спортшылар шыққанын айтып, жаңа кешен болашақ чемпиондардың тәрбиеленуіне мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Сондай-ақ Марат Сұлтанғазиев құрылыс жұмыстарын уақытында аяқтаған «Bereket-ТК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымына және жобаны жүзеге асыруға үлес қосқан азаматтарға алғыс айтты.

Ауыл жастары жаңа спорт кешенінің жыл бойы тұрақты жаттығуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Тұрғындардың айтуынша, заманауи спорт нысанының ашылуы жасөспірімдердің спортқа қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға оң әсер етеді.

Мамандардың пікірінше, мұндай әлеуметтік жобалар ауылдық жерлердегі спорт инфрақұрылымын дамытуға және жастарды бұқаралық спортқа тартуға үлкен серпін береді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жаңа спорт кешені ашылды

Қорлан Нұрланқызы
23.05.2026

Алматыда бес жасар бала алтыншы қабаттан құлап кете жаздады

Қорлан Нұрланқызы
22.05.2026

Алматы облысында есектерді зебраға ұқсатып бояған: полиция тексеріс бастады

Қорлан Нұрланқызы
22.05.2026

Іле ауданында шегірткеге қарсы күрес күшейтілді: 25 мың гектар жер өңделеді

Қорлан Нұрланқызы
22.05.2026

Алматы облысында кореялық компания әлемдік деңгейдегі телехикая түсіріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
21.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz