Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жаңа оқу жылына бес мектеп ашылып, 10 білім ошағы жаңартылады

Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында 4 200 орынға арналған бес жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Сонымен қатар күрделі жөндеуден өткен 10 білім ошағы оқушыларға есігін ашады. Бұл туралы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев «Конституциялық құндылықтар: кәсібилік, сапа, нәтиже» атты облыстық тамыз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

2026–2027 оқу жылында Алматы облысындағы 502 жалпы білім беретін мектепте шамамен 385 мың бала білім алады. Олардың 35 мыңнан астамы биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттайтын бірінші сынып оқушылары.

Өңірдегі демографиялық өсім мен оқушылар санының артуына байланысты мектеп инфрақұрылымын дамыту негізгі міндеттердің біріне айналып отыр.

«Алматы облысы – демографиялық өсімі жоғары және жастардың үлесі басым өңірлердің бірі. Осыған байланысты инфрақұрылым тапшылығын жою мәселесі басты назарда. Соңғы төрт жылда облыста 75 жаңа мектеп ашылып, алты қосымша ғимарат пайдалануға берілді. Нәтижесінде үш ауысымды мектептердің саны 52-ден 23-ке дейін қысқарды, шалғай елді мекендерден 5 821 оқушыны тасымалдау мәселесі шешілді», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Бес жаңа мектеп қыркүйекте ашылады

«Келешек мектептері» жобасы аясында салынған бес жаңа білім ошағы жаңа оқу жылында оқушыларды қабылдайды. Олар Алатау қаласының Қоянқұс ауылында, Іле ауданының Тілендиев ауылында, Қарасай ауданының Бұлақты ауылында, сондай-ақ Еңбекшіқазақ ауданының Сатай және Ащысай ауылдарында орналасқан.

Жаңа мектептердің жалпы сыйымдылығы – 4 200 орын. Нәтижесінде аталған елді мекендердегі үш ауысымды мектептер мәселесін толық шешіп, тағы екі білім ошағындағы орын тапшылығын жою жоспарланып отыр.

Жаңа нысандар салумен қатар қолданыстағы мектептер де жаңартылуда. Облыста күрделі жөндеуді қажет ететін 91 білім беру нысаны анықталған. Биыл 11 мектепте күрделі жөндеу жүргізіліп, оның 10-ы жаңа оқу жылына дейін пайдалануға беріледі.

Тағы бес мектеп салу жоспарланып отыр

Мектеп тапшылығын азайту мақсатында Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп жаңа білім нысандарын салу мәселесі де қарастырылуда. Облыс әкімдігі қажетті жер учаскелерін анықтап, тиісті ақпаратты Алматы қаласының жобалық кеңсесіне жолдаған.

Алдын ала жоспар бойынша жалпы құны 41,8 млрд теңге болатын бес мектеп салынуы мүмкін. Олардың жалпы жобалық қуаты 5 100 оқушы орнын құрайды.

Атап айтқанда, Алатау қаласының Жаңа Дәуір шағын ауданында және Іле ауданының Екпінді ауылында 900 орыннан екі мектеп салу жоспарланған. Қарасай ауданының Көксай және Қырғауылды ауылдарында 1 200 орыннан екі білім ошағы, ал Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында 900 орындық мектеп бой көтермек.

«Бұл жобалар жүзеге асса, балаларды тұрғылықты жері бойынша мектеп орындарымен қамтамасыз етуге және Алматыға күнделікті қатынауды азайтуға мүмкіндік береді. Бүгінде облыста тұратын 16 мыңға жуық оқушы қала мектептерінде білім алуда», – деді облыс әкімі.

Үш ауысымды мектеп мәселесін шешу көзделген

Бұдан бөлек, 2026–2030 жылдары EPC+F механизмі арқылы халық тығыз орналасқан елді мекендерде тағы бес мектеп салу жоспарланып отыр. Олар Іле ауданындағы Өтеген батыр, Жайнақ, Байсерке және А. Тоқпанов ауылдарында, сондай-ақ Еңбекшіқазақ ауданындағы Бәйтерек ауылында бой көтермек. Жобалардың жалпы сыйымдылығы – 4 200 орын.

Жоспарланған жобалар толық жүзеге асқан жағдайда үш ауысымда білім алып жүрген жеті мыңнан астам оқушының мәселесі шешіледі. Сондай-ақ қазір шалғай елді мекендерден тасымалданып жүрген 2 871 бала өз ауылында білім алу мүмкіндігіне ие болады.

Осылайша, Алматы облысында жаңа мектептер салу және қолданыстағы білім нысандарын жаңарту арқылы оқушы орындарының тапшылығын кезең-кезеңімен азайту көзделіп отыр.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жаңа оқу жылына бес мектеп ашылып, 10 білім ошағы жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Диана Ахметова
14.08.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Диана Ахметова
14.08.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Диана Ахметова
14.08.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Диана Ахметова
14.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz