Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Алматы облысы Қарасай ауданының Жібек жолы ауылында 200 көрерменге арналған жаңа Мәдениет үйі пайдалануға берілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.08.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Жаңа Мәдениет үйі бес гектар аумақта орналасқан. Нысан құрылысына 658,7 млн теңге бөлінді. Ғимаратта 200 орындық көрермендер залы, сахна және түрлі шығармашылық үйірмелерге арналған арнайы кабинеттер қарастырылған.

Мұнда концерттер, театрландырылған қойылымдар, мерекелік және мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар домбыра, жыр-терме, ән, би және қолөнер үйірмелері жұмыс істейді. Ақындар мен «Шежіре» тәлім орталығы, ата-әжелер ансамблінің де жұмысын осы жерде ұйымдастыру жоспарланған.

Ауыл тұрғындары жаңа мәдениет ошағының ашылуын көптен күткендерін атап өтті. Олардың айтуынша, елді мекенде балалар мен жастардың шығармашылықпен айналысып, бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беретін заманауи орталық қажет болған.

Соңғы төрт жылда мәдениет саласына 52,6 млрд теңге бағытталды

Мәдениет үйінің ашылу салтанатына қатысқан Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев жаңа нысан ауылдың мәдени өміріне серпін беретінін атап өтті.

«Бұл – жай ғана жаңа ғимарат емес. Бұл – ауылдың мәдени өмірін жандандыратын, балалар мен жастардың шығармашылық қабілетін дамытуға жол ашатын орта. Мұнда ұлттық өнеріміз бен дәстүріміз дәріптеліп, түрлі буын өкілдері бас қосатын болады», – деді Ғани Майлыбаев.

Оның айтуынша, өңірде мәдени инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Соңғы төрт жылда бұл салаға 52,6 млрд теңге бағытталып, 10 жаңа мәдениет нысаны салынған. Бұдан бөлек, 19 мәдениет үйі жөндеуден өткен.

«Мемлекет басшысы мәдениет пен өнердің ел өміріндегі маңызын үнемі айтып келеді. Сондықтан облыста мәдени инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасады», – деді облыс әкімінің орынбасары.

Жібек жолы ауылындағы Мәдениет үйі – соңғы жылдары Алматы облысында пайдалануға берілген жаңа мәдени нысандардың бірі.

Былтыр Кеген ауданындағы Жалағаш және Жылысай, Іле ауданындағы Өтеген батыр, Жамбыл ауданындағы Мәтібұлақ ауылдарында жаңа мәдениет үйлері ашылды. Биыл Жамбыл ауданының Шиен ауылындағы Мәдениет үйінің құрылысы аяқталды. Сондай-ақ демеушілердің қолдауымен Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді.

Қазіргі уақытта Қарасай ауданының Әйтей, Жамбыл ауданының Қарғалы және Іле ауданының Боралдай ауылдарында жаңа мәдени нысандар салынып жатыр.

Алдағы уақытта облыста мәдениет үйлерін жаңғырту және жаңа мәдени нысандар салу жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Screenshot

18,1 млрд теңге, 400 жұмыс орны және арзандайтын көкөніс: Алматы облысында қандай жоба жүзеге асырылып жатыр және ол нарыққа қалай әсер етеді?

Мөлдір Иманмади
09.09.2026

Қонаевта 103 мың шаршы метр тұрғын үй кешендері салынып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.09.2026

Шетелде білімін жетілдірген дәрігерлер аудан тұрғындарына медициналық көмек көрсетіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.09.2026

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Акжаркын
09.09.2026

Заң мен тәртіп: қауіпсіз болашаққа бастар жол

Акжаркын
09.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz