Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жаңа Конституцияның күшіне енуіне арналған республикалық конференция өтті

Алматы облысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының ресми түрде күшіне енуіне орай «Ата Заң – Қуатты Қазақстан!» тақырыбында ауқымды конференция ұйымдастырылды. Алқалы жиында жаңа Конституцияның саяси, құқықтық және әлеуметтік маңызы талқыланып, оның өңірдің дамуына ықпалы сөз болды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Облыс әкімдігі ұйымдастырған жиынға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, кәсіпкерлер, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени бірлестіктер мен жастар қатысты.

Конференцияны ашқан Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысушыларды жаңа Конституцияның заңды күшіне енуімен құттықтап, қабылданған Ата заң елдің саяси жүйесін сапалы жаңа деңгейге көтеретін тарихи құжат екенін атап өтті.

«Жаңа Конституция азаматтардың мемлекеттік басқарудағы рөлін күшейтіп, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыруға, адам құқықтарын қорғауды нығайтуға бағытталған. Президент атап өткендей, «Заң мен Тәртіп» – мемлекет саясатының ғана емес, ұлт болмысының ажырамас бөлігі болуы тиіс», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Өңір басшысы Мемлекет басшысы бастамашы болған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының маңыздылығына да тоқталды. Оның айтуынша, бұл экологиялық жоба ғана емес, қоғамның мәдениеті мен жауапкершілігін қалыптастыратын бастама.

Бүгінде Алматы облысында аталған акция аясында 104 мыңға жуық ағаш отырғызылып, 440 мыңнан астам тұрғын экологиялық бастамаға белсенді қатысқан.

Конференция барысында облыс әкімі жаңа Конституцияда білім мен ғылымның мемлекеттің стратегиялық даму басымдығы ретінде алғаш рет нақты айқындалғанын айтты.

Оның мәліметінше, биыл Алматы облысында білім саласын дамытуға 409,8 млрд теңге бөлінген.

Қазіргі таңда өңірде:

  • 1 748 білім беру ұйымы жұмыс істейді;
  • 470 мыңнан астам бала білім алып, тәрбиеленуде;
  • соңғы үш жылда 69 жаңа мектеп пайдалануға берілді;
  • 2025–2027 жылдары 91 мектепке күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған;
  • 2026–2028 жылдары тағы 11 жаңа мектептің құрылысы басталады.

Марат Сұлтанғазиев жаңа Конституцияның талаптары мемлекеттік қызметтің мазмұнын да өзгертуі тиіс екенін айтты.

«Жаңа Конституцияның қағидаттары адамдардың күнделікті өміріндегі нақты өзгерістер арқылы көрініс табуы қажет. Бұл әрбір мемлекеттік қызметшіден жоғары жауапкершілікті талап етеді. Формализмге, бюрократияға және азаматтардың мәселелеріне немқұрайлы қарауға жол жоқ. Әрбір басшы қабылданған шешімдердің нақты нәтижесіне жауап беруі тиіс», – деді облыс әкімі.

Сонымен қатар ол Алматы облысында жүзеге асып жатқан ең ірі инфрақұрылымдық бастамалардың бірі – «Алатау сити» жобасына тоқталып, бұл қаланың ел экономикасының жаңа драйверіне айналуы үшін барлық мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмыс істеуі маңызды екенін жеткізді.

Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Қазыбек Дәутәлиев жаңа Конституция азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейткенін айтты.

Оның пікірінше, Президент бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы қоғамдық кеңестердің және жаңадан құрылатын Қазақстан Халық Кеңесінің рөлін күшейтіп отыр.

Бұл институттар тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлерін мемлекеттік шешім қабылдау процесіне енгізуге және қоғамдық бақылауды нығайтуға мүмкіндік береді.

Конференция барысында кәсіпкерлер атынан сөз алған «Дәулет-Бекет» шаруа қожалығының басшысы Сыдық Даулетов жаңа Конституция аясында жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалар өндірісті дамытуға, инвестиция тартуға және жаңа жұмыс орындарын құруға серпін беретінін айтты.

Ал жастар атынан сөз сөйлеген Алматы облысының белсендісі Алина Кан жаңа Конституция ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын тарихи құжат екенін атап өтті.

«Жаңа Ата Заңда заң үстемдігі, әділеттілік, қоғамдық келісім, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, азаматтардың тең мүмкіндіктері және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік секілді негізгі құндылықтар бекітілген. Бұл қағидаттар әрбір азаматтың, әсіресе жастардың өмірлік ұстанымына айналуы тиіс», – деді ол.

Конференция соңында бірқатар азаматқа Мемлекет басшысының атынан жаңа Конституцияның арнайы басылымы салтанатты түрде табыс етілді.

Сондай-ақ жаңадан басылып шыққан 2 200 дана Конституция жинағы Алматы облысындағы мемлекеттік мекемелер мен кітапханаларға таратылды.

Жиын қорытындысында қатысушылар жаңа Конституцияның құқықтық мемлекетті нығайтуға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және азаматтардың ел дамуына белсенді қатысуына негіз болатын маңызды құжат екендігін атап өтті.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жаңа Конституцияның күшіне енуіне арналған республикалық конференция өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.07.2026

Ішімдікке қарсы күрес – салауатты қоғамның басты кепілі

Диана Ахметова
01.07.2026

Президент Құрылтай сайлауын 23 тамызға тағайындады

Қорлан Нұрланқызы
01.07.2026

Алматы облысының тауларында жоғалған зейнеткер аман табылды

Қорлан Нұрланқызы
01.07.2026

1 шілдеден бастап Қазақстанда не өзгереді? Жаңа Конституциядан бастап QR-төлемдерге дейінгі басты өзгерістер

Қорлан Нұрланқызы
01.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz