Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында үздік жас жол инспекторлары анықталды

Алматы облысында жас жол инспекторларының облыстық слеті өтіп, оған өңірдің барлық қала және аудан мектептерінен келген командалар қатысты. Байқау барысында оқушылар жол қозғалысы ережелерін меңгеру деңгейін көрсетіп, түрлі практикалық сынақтар бойынша бақ сынасты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың жол қауіпсіздігі туралы білімін арттыру, көшеде қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын қалыптастыру және құқықтық мәдениетін дамыту.

Слет аясында қатысушылар жол қозғалысы ережелерін білу, велосипедті мәнерлеп жүргізу, реттеушінің қимылдарын дұрыс орындау, алғашқы медициналық көмек көрсету және жол қауіпсіздігін насихаттау бағыттары бойынша өзара жарысты.

Қазылар алқасының шешімімен жалпыкомандалық есепте Іле ауданының командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды Талғар ауданының оқушылары иеленсе, үшінші орын Еңбекшіқазақ ауданының командасына бұйырды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар бірінші орын алған команда алдағы уақытта Қостанай қаласында өтетін республикалық жас жол инспекторлары слетінде Алматы облысының намысын қорғайды.

Алматы облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Ұлан Көлбайұлы мұндай шаралардың маңыздылығына тоқталды.

«Мұндай іс-шаралар балалар арасындағы жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, сондай-ақ жасөспірімдердің заң мен тәртіпке деген құрметін қалыптастыруға ықпал етеді. Жас жол инспекторлары жол қауіпсіздігін насихаттап қана қоймай, өз құрдастарына үлгі болып, қоғамда қауіпсіздік мәдениетінің орнығуына үлес қосып келеді», – деді ол.

Мамандардың айтуынша, жол-көлік оқиғаларының алдын алуда балалардың қауіпсіздік мәдениетін ерте жастан қалыптастыру маңызды. Сондықтан өңірде жол қозғалысы ережелерін насихаттауға бағытталған мұндай іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

СҰХБАТ: Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және жүйелі мәселелерді шешу жолдары

Мөлдір Иманмади
30.09.2026

Алматы облысында «Ақши-агросервис» серіктестігіне нұсқама шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Шеңгелдіде 1200 тонна заңсыз қоқыс шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Алматы облысында үш жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
30.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz