Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында үздік шабандоздар анықталды: Қазақстан чемпионатына жолдама сарапқа салынды

Алматы облысында ат спортының ең тартымды әрі беделді бағыттарының бірі – конкурдан ашық чемпионат өтті. Almaty Horse and Polo Club базасында ұйымдастырылған жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы облысынан келген 50-ден астам спорттық жұп қатысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
30.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Бұл дода жазғы маусымдағы маңызды жарыстардың бірі ғана емес, сонымен қатар күзде Астана қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысатын Алматы облысының құрамасын жасақтайтын шешуші кезең болды.

Қазақстан чемпионатына іріктеу кезеңі

Конкур – шабандоз бен тұлпардың өзара үйлесімі, сенімі мен жоғары шеберлігін талап ететін олимпиадалық ат спорты түрі. Жарыс барысында спортшылар әртүрлі биіктіктегі кедергілерден уақыт пен дәлдікке сай өтіп, өз мүмкіндіктерін сынады.

Төрешілер алқасының мүшесі Дмитрий Тишковтың айтуынша, соңғы жылдары Алматы облысында конкур спортының дамуы қарқын алған.

«Бүгінде Алматы облысында конкур спорты қарқынды дамып келеді. Спортшылардың саны артып, болашағынан зор үміт күттіретін жас шабандоздар өсіп келеді. Жылқыларды даярлау сапасы да жақсаруда. Ең бастысы – жарыстарымыз ашық форматта өтіп, еліміздің әр өңірінен мықты спортшыларды жинайды. Осындай жоғары деңгейдегі бәсекелестік спортшылардың кәсіби шеберлігін шыңдайды. Бұл чемпионаттың маңызы ерекше, өйткені оның қорытындысы бойынша Қазақстан чемпионатында Алматы облысының намысын қорғайтын құрама жасақталады», – деді Дмитрий Тишков.

Чемпионат барысында көрермендер 110, 120 және 130 сантиметрлік бағыттар бойынша өткен жарыстарды тамашалады. Әсіресе ең күрделі саналатын 130 сантиметрлік маршрут ерекше қызығушылық тудырды.

Бұл бағытта халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Нұрила Тұрысбекова өзінің Кьюбель есімді тұлпарымен барлық кедергіден мүлтіксіз өтіп, чемпион атанды.

Әлем кубогы кезеңдерінің жүлдегері саналатын спортшы бұл жолы да жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, өз шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

«Бүгін Кьюбель қашықтықты өте жақсы сезінді. Барлық кедергілерден сенімді әрі мұқият өтті. Осындай жарыстар кәсіби тұрғыдан шыңдалуға, мол тәжірибе жинақтауға және Қазақстан чемпионатына сапалы дайындалуға үлкен мүмкіндік береді. Алда әлі де атқаратын жұмыс көп. Бірақ бүгінгі жеңісіміз алдағы жарыстарға деген сенімімізді арттырып, жаңа жетістіктерге жігерлендіреді», – деді Нұрила Тұрысбекова.

130 сантиметрлік бағытта Астана қаласының спортшысы Яна Жемчужина («Бавария») күміс жүлдеге ие болса, Алматы облысының «Дарнис» ат спорты клубының өкілі Ксения Баталова («Леди Ди») үшінші орынға тұрақтады.

120 сантиметрлік бағытта 5–6 жастағы жас жылқылар арасында Алматы облысының Ұлттық спорт түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясының спортшысы Бекжан Байжанұлы Conquistador есімді тұлпарымен үздік нәтиже көрсетіп, чемпион атанды.

Күміс жүлдені Шымкент қаласының өкілі Шыңғыс Мәлікаждар Bengur атымен иеленді.

Алматы облысының ашық чемпионаты өңірдегі конкур спортының даму деңгейін көрсетіп қана қоймай, Қазақстан чемпионаты алдында спортшылардың дайындығын бағалауға мүмкіндік берді. Мұндай жарыстар тәжірибе алмасуға, жас шабандоздардың шеберлігін шыңдауға және ұлттық құраманың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

Күзде Астанада өтетін Қазақстан чемпионатында Алматы облысының намысын қорғайтын спортшылар дәл осы жарыстың қорытындысы бойынша анықталмақ.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ауылдан әлемдік аренаға: AUYL SPORT спортшылары халықаралық турнирлерде топ жарды

Қорлан Нұрланқызы
30.06.2026

Алматы облысында тағы бір республикалық жол ақылы жүйеге көшеді

Қорлан Нұрланқызы
30.06.2026

Алматы облысында қарақұйрық атқан браконьерлер ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
30.06.2026

Алматы облысында үздік шабандоздар анықталды: Қазақстан чемпионатына жолдама сарапқа салынды

Қорлан Нұрланқызы
30.06.2026

Тоқаев Грузия Премьер-министрімен кездесті: қандай келісімдер жасалды?

Қорлан Нұрланқызы
30.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz