Құқық қорғау органдарының мәліметінше, іс-шаралар Шелек ауылында уәкілетті органдардың үйлестіруімен өткізілген. Алдын ала мәлімет бойынша, «Хизб ут-Тахрир» ұйымының жергілікті тобының қызметіне 25 тұрғын тартылған болуы мүмкін.
Күдіктілердің тұрғылықты мекенжайларында санкцияланған тінту жүргізілді. Сондай-ақ жеке тінту барысында электрондық құрылғылар мен діни мазмұндағы материалдар табылып, тәркіленген.
Атап айтқанда, құқық қорғау органдары 11 смартфон, 93 кітап, 16 кітапша, екі дәптер және діни сипаттағы жазбалары бар қойындәптерді тәркіледі.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Мамандар тәркіленген әдебиеттер мен электрондық материалдарды зерттеп, күдікке ілінген адамдардың тыйым салынған ұйым қызметіне қатыстылық деңгейін анықтауда.
Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Жүргізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша іске қатысы бар адамдардың әрекеттеріне құқықтық баға берілмек.





