Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясы: мыңдаған тұрғын сенбілікке шықты

Алматы облысында республикалық Таза Қазақстан экологиялық акциясы аясындағы жұмыстар кең ауқымда жалғасып жатыр. Бастама елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға, жасыл желекті көбейтуге және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Өңірдің барлық аудандарында тұрғындар сенбіліктерге шығып, ағаш отырғызып, қоғамдық аумақтарды абаттандыруға белсене қатысуда. Соның бір мысалы – Еңбекшіқазақ ауданы. Мұнда Алмалы ауылындағы И. Шорманов атындағы орта мектепте «Жасыл мекен – жасыл болашақ» атты экологиялық шара өтті. Педагогтар, оқушылар және жергілікті тұрғындар бірігіп, көшеттер отырғызып, аумақты көркейту жұмыстарын жүргізді. Оқушылар да табиғатты қорғауға жауапкершілікпен қарап, өз үйлері мен көшелерін көгалдандыруға дайын екенін жеткізді.

Кеген ауданында да акция аясындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асуда. Мұнда тазалық жұмыстары тек сенбілікпен шектелмей, елді мекендер мен туристік бағыттарды абаттандыруға ұласқан. «Киелі мекен» апталығы барысында тарихи-мәдени нысандардың айналасы ретке келтірілді. Ал «Жасыл аймақ» бағдарламасы аясында 15 сәуірде 40 түп шырша отырғызылды. Бұған дейін 150 терек, 40 алма, 20 алмұрт және 150 қайың егілген.

Саты ауылы әкімдігі өкілдерінің мәліметінше, 4 мамырға дейін «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында ардагерлердің аулаларын абаттандыру жоспарланған. Сонымен қатар, «Мөлдір бұлақ» акциясы шеңберінде су көздері мен жағалауларды тазарту жұмыстары жүргізілуде. Соңғы апталарда ауыл маңынан бірнеше тонна қоқыс шығарылған.

Іле ауданында да сенбілік кең көлемде өтті. Өтеген батыр ауылында орталық стадион аумағы, Ажимуратов және Титов көшелері, сондай-ақ №13 мектеп маңы тазартылды. Қатысушылар қоқыс жинап, орындықтарды сырлап, көгалдарды ретке келтірді.

Аудан әкімдігі мәліметінше, стадионды жаңғырту жұмыстары демеушілердің қолдауымен жалғасады. Сонымен қатар Байсерке ауылындағы «Даму» логистикалық орталығында 500-ге жуық адам қатысқан ірі сенбілік ұйымдастырылып, ағаш отырғызу және аумақты тазалау жұмыстары жүргізілді.

Қарасай ауданында да акцияға діни қызметкерлер белсенді атсалысты. «Түркістан» мешітінің аумағында көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, жиырмадан астам ағаш отырғызылды. Дін өкілдері тазалықты сақтау – әр азаматтың міндеті екенін атап өтті.

Облыс орталығы Қонаев қаласында да көгалдандыру жұмыстары қарқынды. Биыл қалада шамамен 5 мыңға жуық ағаш отырғызылған. Жаңа көшеттер көшелер бойына, тұрғын үйлердің аулаларына және бос аумақтарға егілуде.

Мамандардың айтуынша, сенбіліктерге тұрғындардың белсенді қатысуы өңірдің келбетін жақсартып қана қоймай, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. Осылайша, «Таза Қазақстан» акциясы қоғамды ортақ мақсат – таза әрі жайлы орта қалыптастыру жолында біріктіріп отыр.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мұнай-газ саласының үздіктері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысында кәсіпорындар экологиялық жүктемені азайтуда

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысының спортшысы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
29.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
29.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz