Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында «Таза бейсенбі» акциясына 20 мыңнан астам адам қатысты

Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында кезекті «Таза бейсенбі» акциясы өтті, деп хабарлайды аlataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026
Жаңалықтар

Қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және азаматтардың туған жердің тазалығына деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған іс-шараға өңір тұрғындары белсенді қатысты.

Қонаев қаласындағы бұрынғы стадион аумағында өткен тазалық акциясына Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен қала әкімі Асхат Бердіханов қатысты.

Өңір басшысы «Таза Қазақстан» бағдарламасының маңызына тоқталып, бұл бастама тек аумақтарды тазалаумен шектелмейтінін, қоғамда экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» бағдарламасының азаматтық жауапкершілікті арттырудағы, туған жерге деген жанашырлықты нығайтудағы және ортақ құндылықтарды дәріптеудегі рөлін үнемі айтып келеді. Көктемнен бері облыс аумағында 18 ірі сенбілік ұйымдастырылып, 10 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Сонымен қатар 5 мың гектардан астам аумақ тазартылды. Бұл – өңір тұрғындарының қоршаған ортаға деген жанашыр көзқарасының нақты көрінісі», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Әкімнің айтуынша, бүгінде тазалық жұмыстары дәстүрлі сенбіліктермен ғана шектелмей, апта сайын ұйымдастырылатын жүйелі акцияға айналған. Осыған байланысты өңірде «Таза бейсенбі» бастамасы қолға алынып, әр аптаның бейсенбі күні бір сағат көлемінде тазалық жұмыстары жүргізіледі.

Шара барысында облыс әкімі Қонаев қаласының орталығында ұзақ уақыт бойы игерілмей жатқан бұрынғы стадион аумағына назар аударып, бұл жердің болашағына қатысты нақты тапсырмалар берілгенін айтты.

«Қала орталығында қараусыз жатқан мұндай аумақтар болмауы тиіс. Сондықтан бұл жерді тиімді пайдалану мәселесін қарастыру қажет. Мұнда қоғамдық кеңістік немесе кәсіпкерлік нысан орналасуы мүмкін. Барлығы Бас жоспар талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы керек», – деді өңір басшысы.

Облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және абаттандыру басқармасының мәліметінше, дәл осындай тазалық акциялары облыстың барлық аудан-қалаларында ұйымдастырылған. Оған мемлекеттік органдардың қызметкерлері, мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйым өкілдері, жастар қозғалыстары, еріктілер, кәсіпкерлер және өңір тұрғындары қатысты.

Жалпы облыс бойынша экологиялық акцияға 20 мыңнан астам адам жұмылдырылып, 300-ге жуық арнайы техника тартылды. Нәтижесінде 500 тоннадан астам қоқыс шығарылып, шамамен 300 гектар аумақ тазартылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай экологиялық бастамалар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасып, өңірдегі тазалық пен абаттандыру жұмыстарын жүйелі жүргізуге негіз болады.

Сарапшылардың пікірінше, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Осы тұрғыдан алғанда «Таза бейсенбі» акциясы экологиялық сана мен қоғамдық белсенділікті арттыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі саналады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында IT мен дрондарды басқаруды үйрететін жаңа әскери жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Қазгидромет: шілдеде ыстық 50 градусқа дейін жетуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында «Таза бейсенбі» акциясына 20 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz