Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты

Алматы облысында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бастамалар жалғасып жатыр. Бұл жолы өңірдегі Ақөзек ауылы алкоголь өнімдерін сатудан толықтай бас тартқан елді мекендердің қатарына қосылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Polisia.kz мәліметінше, бастама жергілікті тұрғындардың, қоғам белсенділерінің, кәсіпкерлердің және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен жүзеге асқан.

Қонаев қаласының полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жергілікті қауымдастықтармен бірлескен жұмыстар жүргізіп келеді. Соның нәтижесінде өңірде алкоголь өнімдерін сатудан өз еркімен бас тартқан ауылдардың саны артып келеді.

Мамандардың айтуынша, мұндай тәжірибе өзін тиімді көрсетіп отыр. Алкоголь өнімдері сатылмайтын елді мекендерде құқық бұзушылықтар мен тұрмыстық жанжалдар саны азайып, қоғамдық тәртіп деңгейі жоғарылайды. Сонымен қатар тұрғындардың қауіпсіздігі артып, отбасылық құндылықтарды нығайтуға оң әсер етеді.

Қазіргі уақытта Алматы облысында алкоголь өнімдерін сатудан бас тартқан ауылдардың саны 24-ке жеткен.

Полиция қызметкерлері бұл көрсеткіш тұрғындардың азаматтық белсенділігі мен қоғамдық жауапкершілігінің артып келе жатқанын көрсететінін атап өтеді.

«Мұндай бастамалар қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді. Ең бастысы – бұл шешімдердің тұрғындардың өз бастамасымен қабылдануы», – дейді тәртіп сақшылары.

Алматы облысында аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Бұл бастама «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру мақсатында қолға алынған кешенді шаралардың бір бөлігі болып саналады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының әкімі жұмысшы жастармен жүздесті

Қорлан Нұрланқызы
12.08.2026

Президент белгілі актер Нұрқанат Жақыпбайды «Қазақстанның халық әртісі» атағымен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
12.08.2026

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Диана Ахметова
12.08.2026

Меншікке қол сұқпау – заң талабы

Диана Ахметова
12.08.2026

Есірткісіз өмір – дұрыс таңдау

Диана Ахметова
12.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz