Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден төлем берілді

Алматы облысында Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 5 миллион теңгеден біржолғы әлеуметтік төлем жасалды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Яғни, өңірдегі әрбір майдангерге шамамен 10 мың АҚШ долларына тең қаржылай көмек көрсетілген.

Қазіргі таңда Алматы облысында соғыстың сұрапыл жылдарын көзімен көрген төрт ардагер тұрады. Олардың ең үлкені – Іле ауданының 103 жастағы тұрғыны Тәңірберген Толғанбаев. Ол 1942 жылы майданға аттанып, Сталинград шайқасына қатысқан.

Ал Ұйғыр ауданының 102 жастағы тұрғыны Алим Кебиров Белорусь майданында Белгород қаласын азат ету операциясына қатысып, ауыр жараланған. Соған қарамастан, 1943 жылы қайтадан майдан даласына оралып, Украина жеріндегі шайқастарға қатысқан.

Еңбекшіқазақ ауданында тұратын Солтанбай Жарықбасов бүгінде 101 жаста. Ал Жамбыл ауданындағы 98 жастағы Федор Ковалев 1945 жылы Жапонияға қарсы соғысқа қатысқан.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, майдангерлерге әлеуметтік және медициналық қолдау тұрақты түрде көрсетіліп келеді. Ардагерлер шипажайларда ем қабылдап, дәрігерлердің тұрақты бақылауында болады.

Сонымен қатар Алматы облысындағы 2 038 тыл еңбеккерінің әрқайсысына 64 875 теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек беріледі.

Бұдан бөлек, Ленинград қоршауы кезінде еңбек еткен және тиісті марапаттарға ие болған өңірдегі екі азаматқа 86 500 теңгеден төлем қарастырылған.

Сондай-ақ фашистік концлагерьлерде, геттоларда және өзге де мәжбүрлі ұстау орындарында болған азаматтарға да 64 875 теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында үш жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
30.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
30.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
30.09.2026

Іле ауданының әкімі тұрғындардың баспана және инфрақұрылым мәселелерін тыңдады

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz