Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында синтетикалық есірткі өндірген қылмыстық желі жойылды

Алматы облысында синтетикалық есірткі өндірумен және таратумен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелеріне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аталған қылмыстық топ құрамында болған жеті шетел азаматына қатысты қылмыстық істі қарады.

Облыс прокуратурасының мәліметінше, құқық қорғау органдарының үйлестірілген жұмысының нәтижесінде өңір аумағында жұмыс істеген үш жасырын есірткі зертханасы анықталған.

Тінту барысында заңсыз айналымнан 90 келіден астам дайын синтетикалық психотроптық заттар, бір тоннадан астам прекурсорлар мен химиялық компоненттер, сондай-ақ есірткі өндіруге арналған арнайы құрал-жабдықтар тәркіленді.

Сот отырысы барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін дәлелдейтін айғақтарды ұсынды.

Қылмыстық іс материалдарын жан-жақты зерттеу нәтижесінде сот айыпталушыларды кінәлі деп танып, оларды 19 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырды.

Сонымен қатар, сотталғандарға тиесілі үш тұрғын үй мен бірнеше автокөлік мемлекет кірісіне тәркіленді.

Прокуратура мәліметінше, аталған қылмыстық топ Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында синтетикалық есірткі заттарын кең көлемде таратып келген.

Құқық қорғау органдары жүргізген арнайы операция нәтижесінде қоғамдық қауіпсіздікке елеулі қатер төндірген ұйымдасқан желінің қызметі толық тоқтатылды.

Айта кетейік, сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

СҰХБАТ: Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және жүйелі мәселелерді шешу жолдары

Мөлдір Иманмади
30.09.2026

Алматы облысында «Ақши-агросервис» серіктестігіне нұсқама шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Шеңгелдіде 1200 тонна заңсыз қоқыс шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Алматы облысында үш жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
30.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz