Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында шомылу маусымына дайындық күшейтілді

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірде шомылу маусымына дайындық жұмыстарын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Аймақ басшысы жағажайлардағы қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп, сондай-ақ демалыс орындарының талаптарға сай болуы басты назарда болуы тиіс екенін атап өтті.

«Адам шығынының болмауын қатаң бақылауда ұстау керек. Көбіне адам өлімі рұқсат етілмеген аймақтарда болады. Сондықтан мұндай орындарды қадағалап, жер иелерімен де жүйелі жұмыс жүргізу қажет. Шомылуға рұқсат етілген аймақтар тексеріліп, қауіпсіздік белгілері мен ескерту тақтайшалары орнатылуы тиіс», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, шомылу маусымына орай су айдындарының түбін тазалау, санитарлық жағдайды бақылау және инфрақұрылымды ретке келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жағажайларда бейнебақылау камералары орнатылады. Қазіргі таңда демалыс орындарының 80 пайызы шомылу маусымына дайын.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар, облыстық прокуратура және Полиция департаменті бірлесіп, кешенді тексеру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік басқару академиясына құжат қабылдау басталды

Мөлдір Иманмади
07.04.2026

Алматы облысында шегірткеге қарсы химиялық өңдеу 153 мың гектардан астам аумақты қамтиды

Мөлдір Иманмади
07.04.2026

Алматыда адам өліміне әкелген жол апаты: ZEEKR жүргізушісі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
07.04.2026

Алматы облысында ядролық-протондық терапия орталығын салу жобасы талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
07.04.2026

Алматы облысында қызылшаға қарсы күрес: бас санитармен сұхбат

Қорлан Нұрланқызы
06.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz