Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мемлекеттік басқару академиясына құжат қабылдау басталды

2026 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2026–2027 оқу жылына магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша құжат қабылдауды бастады. Бұл жайында Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиал директоры Қазыбек Дауталиев айтты.

Мөлдір Иманмади
07.04.2026
Жаңалықтар

Үміткерлер 1 сәуір мен 1 маусым аралығында тіркеліп, құжаттарын тапсыра алады. Биыл құжат қабылдау мерзімі екі аймен шектелген. Өтініштер admission.apa.kz ақпараттық жүйесі арқылы онлайн форматта қабылданады.

«Мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында магистратураға 200, ал докторантураға 12 адам қабылданады. Айта кету керек, бұған дейін магистратураға 120 грант бөлінсе, биыл олардың саны 80 орынға артты»,-дейді Қазыбек Дауталиев.

Айта кету керек, жаңа оқу жылында құжаттар бұрынғы 12 емес, 15 білім беру бағдарламасы бойынша қабылданады.

«Биыл академияда бірнеше жаңа білім беру бағдарламалары іске қосылды. Олардың қатарында «ML-Құқық», «EMBA – Іскерлік әкімшілендіру» және «DDPA – Цифрлық мемлекеттік басқару» бар. Сонымен бірге бірқатар бағдарламаларға өзгерістер енгізілді. Мысалы, «Мемлекеттік саясат», «Халықаралық қатынастар» және «Экономика» бағдарламалары ғылыми-педагогикалық бағытқа ауыстырылып, оқу мерзімі 1,5 жылдан 2 жылға дейін ұзартылды. Ал «Өңірлік даму» және «Адами ресурстарды басқару» бағдарламаларының оқу мерзімі 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұлғайтылды. «Адами ресурстарды басқару» бағдарламасы «Адами ресурстарды стратегиялық басқару» атауына өзгертілді,-деп сабақтады өз сөзін спикер.
Қабылдау процесінің негізгі мерзімдері де бекітілген. Құжат қабылдау 1 сәуірден 1 маусымға дейін жүргізіледі. Конкурстық іріктеу 5–19 маусым аралығында өтеді. Аналитикалық эссе 5–7 маусым күндері жазылады, ал сұхбаттар 5–19 маусым аралығында ұйымдастырылады. Алдын ала қабылдау нәтижелері 25 маусымда жарияланып, қорытынды қабылдау 10 шілдеде аяқталады. Оқу жылы 1 қыркүйекте басталады.

Мемлекеттік гранттардан бөлек, үміткерлер басқа қаржы көздері есебінен де оқуға түсе алады. Бұл жағдайда талапкерлердің жинаған балдары, конкурстық комиссияның шешімі және сараптамалық бағалаулар ескеріледі.

Құжаттарды электрондық форматта тапсыру қажет. Олардың ішінде мемлекеттік органның жолдамасы, жеке куәлік көшірмесі, жоғары білім туралы диплом мен қосымшасы, мемлекеттік тілді білу деңгейін растайтын сертификат (кемінде В1), еңбек өтілін дәлелдейтін құжаттар және электрондық-цифрлық қолтаңбамен расталған өтініш бар. Докторантураға және «Мемлекеттік саясат», «Халықаралық қатынастар» бағдарламаларына түсушілер үшін ағылшын тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат міндетті. Докторантура үміткерлері қосымша зерттеу жұмысының жоспарын ұсынуы тиіс.
Қазыбек Дауталиевтің айтуынша, оқуға қабылдау бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен үміткерлер аналитикалық эссе жазады. Бұл кезеңде олардың кәсіби ойлау деңгейі мен белгілі бір мәселені талдай алу қабілеті бағаланады. Келесі кезең – сұхбат, онда кандидаттардың кәсіби және жеке құзыреттері, мотивациясы, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты білім деңгейі анықталады. Сұхбат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі және бейнежазбаға жазылады. Докторантураға түсушілер үшін қосымша кезең ретінде зерттеу жоспарының жобасы бағаланады.
Тегтер: алматы облысының жаңалықтарыБасты жаңалықтардокторантураҚазыбек ДауталиевмагистратураМемлекеттік басқару академиясы

Соңғы жаңалықтар

Заң мен тәртіп: жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жұмыстары күшейтіл

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Заң мен тәртіп: Жамбыл ауданында нашақорлыққа қарсы айлық ұйымдастырылды

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Алматы облысында жол апатынан кейін көлікте қысылып қалған жүргізуші құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Алматы облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары түсіндірілді

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

19 адам уланған: Боралдайдағы қоғамдық тамақтану орны тексеріліп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz