Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында ядролық-протондық терапия орталығын салу жобасы талқыланды

Алматы облысында ядролық-протондық терапия орталығын салу жобасы талқыланды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Өңір әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев радиотерапия саласындағы жетекші компаниялардың бірі – «ION BEAM APPLICATIONS» (IBA) өкілдерімен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында «Алатау» арнайы экономикалық аймағында жаңа медициналық орталық салу жөніндегі ірі инвестициялық жоба қаралды.

Кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары денсаулық сақтау жүйесін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл бағытта инвестиция тарту, тиімді емдеу әдістерін енгізу және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше көңіл бөлінеді.

Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменовтің сөзінше, ядролық-протондық терапия онкологиялық ауруларды емдеудің ең тиімді тәсілдерінің бірі саналады.

«Бұл жоба жүзеге асқан жағдайда денсаулық сақтау саласындағы ең ауқымды бастамалардың біріне айналады. Ол тек Алматы облысын ғана емес, еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерін де қамтиды. Сонымен қатар халықаралық медициналық туризмді дамытуға мүмкіндік беріп, көрші елдерден пациенттер тартуға жол ашады. Бұдан бөлек, орталық базасында ғылыми-зерттеу кешенін құру жоспарланып отыр», – деді басқарма басшысы.

Компания өкілі Эндрю Дайктің айтуынша, қазіргі таңда мұндай орталық Қазақстанда тек Астана қаласында ғана жұмыс істейді.

«Алдағы уақытта біз жобаны жүзеге асыру мүмкіндіктерін жан-жақты зерделеп, барлық мүдделі тараптармен бірлесіп жұмыс істейміз. Өткен келіссөздердің нәтижесіне сүйене отырып, оның сәтті жүзеге асуына сенім білдіреміз», – деді ол.

Айта кетейік, жоба аясында инвестор тарапынан жер телімін бөлу және инженерлік инфрақұрылым тарту мәселелері көтерілген. Бұл ұсыныстар облыс әкімдігі жанындағы арнайы комиссияда қаралады. Жобаны іске асыру тетіктері Қазақстанның Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктерімен бірлесіп пысықталады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Аида Балаева проверила готовность туристических объектов Алматинской области к летнему сезону

Николай Иващенко
08.04.2026

Осужденная общественная деятельница Перизат Кайрат отбывает срок и работает в колонии

Николай Иващенко
08.04.2026

Генеративное искусство: в Астане пройдет фестиваль AI-фильмов

Николай Иващенко
08.04.2026

Пожар в акимате Актюбинской области: пострадавших нет

Николай Иващенко
08.04.2026

Токаев приветствует достижение соглашения о перемирии на Ближнем Востоке

Николай Иващенко
08.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz