Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында сел қаупін бақылау күшейтілді

Алматы облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің Алматы облыстық филиалына қарасты Қарасай өндірістік-пайдалану бөлімінің жаңартылған ғимаратын ашты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

1987 жылы салынған нысан алғаш рет ауқымды күрделі жөндеуден өтіп, толық жаңғыртылды. Жөндеу жұмыстары аясында ғимараттың шатыры мен қасбеті жаңартылып, ішкі бөлмелері жөнделді, инженерлік желілер ауыстырылды және аумақ абаттандырылды.

Министрге жаңартылған диспетчерлік пункт таныстырылып, тәулік бойы гидрометеорологиялық жағдай мен тау бассейндерінің жай-күйін бақылаумен айналысатын мамандар үшін жасалған заманауи жұмыс жағдайлары көрсетілді.

Бүгінде бақылауда Қаскелең, Шамалған және Қырғауылды өзендері, сондай-ақ табиғи факторлардың әсеріне бейім бірқатар қауіпті учаскелер бар. Мониторинг сапасын арттыру мақсатында бөлімшеде автоматтандырылған бақылау жүйесі енгізілген. Бұл жүйе табиғи жағдайлардың өзгерісін нақты уақыт режимінде бақылауға және қауіп туындаған жағдайда жедел шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Ерекше назар Қаскелең өзенінің бассейніне аударылып отыр. Мамандардың мәліметінше, бұл аумақ сел қаупі бойынша бірінші санатқа жатады. Өзеннің жоғарғы ағысында жалпы көлемі 2,5 миллион текше метрден асатын 31 мұздық пен 23 мұздық көлі орналасқан.

Қауіпті аймаққа Қаскелең қаласы мен оған жақын орналасқан елді мекендер кіреді. Жалпы алғанда, мұнда шамамен 60 мың адам тұрады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жүргізілген жаңғырту жұмыстары сел және көшкін қаупін бақылау тиімділігін арттырып, төтенше жағдайлардың алдын алу мүмкіндігін күшейтеді. Сонымен қатар жаңа жүйелер өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және табиғи апаттардың салдарын азайтуға ықпал етеді.

Мамандар климаттық өзгерістер жағдайында сел қаупі жоғары өңірлерде заманауи бақылау инфрақұрылымын дамыту халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды бағыттардың бірі болып қала беретінін айтады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

СҰХБАТ: Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және жүйелі мәселелерді шешу жолдары

Мөлдір Иманмади
30.09.2026

Алматы облысында «Ақши-агросервис» серіктестігіне нұсқама шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Шеңгелдіде 1200 тонна заңсыз қоқыс шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Алматы облысында үш жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
30.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz