Оқиға Шымбұлақ шыңы маңында болған. Таудан төмен түсу кезінде турист аяғын қайырып алып, өздігінен қозғалысын жалғастыра алмаған. Ол құтқарушылардан көмек сұрап, байланыста болған және өзінің геолокациясын жіберген.
Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына ҚР ТЖМ «Барыс» республикалық құтқару қызметінің мамандары жіберілді.
Құтқарушылар берілген координаттар бойынша туристің орналасқан жеріне жетіп, оған алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін зардап шеккен адамды таулы аймақтан қауіпсіз жерге алып түсті.
Эвакуациядан кейін турист медициналық тексеруден өту үшін Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырылды.
Төтенше жағдайлар қызметі тауға шығар алдында ауа райы жағдайын ескеріп, бағыттың күрделілігін алдын ала бағалауға және қауіпсіздік талаптарын сақтауға кеңес береді.





