Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында қоқысты қайта өңдеу саласына 148 млрд теңгеден астам инвестиция тартылады

Алматы облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бағытында жалпы құны 148,8 млрд теңгені құрайтын 8 ірі инвестициялық жоба іске асырылады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Димаш Қожабеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, өңірде санитарлық тазалау және стихиялық қоқыс орындарын жоюмен қатар, жеке инвестицияларды тарту арқылы қалдықтарды қайта өңдеудің заманауи жүйесін қалыптастыруға басымдық беріліп отыр.

Жоспарланған жобалар қатарында:

  • электр энергиясын өндіретін қоқыс жағу зауыты;
  • тағам қалдықтарын өңдеу кешені;
  • қоқысты сұрыптау кешені;
  • биоэлектр станциясының құрылысы бар.

Жобалар толық іске асқанда 300-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Қазіргі уақытта облыста пластик, макулатура, шыны және тозған автодөңгелектерді қайта өңдейтін 6 ірі және бірнеше шағын кәсіпорын жұмыс істейді. Олар жыл сайын 184 мың тоннадан астам қалдықты сұрыптап, қайта өңдейді.

Атап айтқанда:

  • пластик қалдықтарын P.T.Z.;
  • макулатураны Kz.Recycling;
  • шыны қалдықтарын Almaty Steklo және Qazaq Glass Company;
  • тозған автодөңгелектерді Эко Технология мен Urban Core Beverly Hill Group компаниялары қайта өңдейді.

Сонымен қатар өңірде жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Мәселен, Urban Core Beverly Hill Group компаниясы қалдықтарды қайта өңдеу өндірісін кеңейтуді жоспарлап отыр. Жобаның құны – 48 млрд теңге. Жаңғырту жұмыстарынан кейін кәсіпорын жылына 40 мың тоннаға дейін қалдық өңдей алады.

Ал Еңбекшіқазақ ауданында Гуандун Сучунь компаниясы құны 3 млрд теңге болатын қоқыс өңдеу зауытын салып жатыр.

Сондай-ақ Қарасай ауданында Kaz Waste Conversion компаниясы құны 15,5 млрд теңге болатын қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу кешенінің құрылысын жүргізуде.

Бағдарлама аясында көгалдандыру мен экологиялық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары да жалғасып жатыр. Жыл басынан бері облыста 103 мыңнан астам ағаш отырғызылған.

Қазір өңірде жалпы аумағы 69 мың гектардан асатын 20-дан астам экопарк жұмыс істейді. Сонымен қатар экологиялық және туристік аймақтарды дамытуға бағытталған жаңа жобалар қолға алынған.

Әкімдік мәліметінше, экологиялық құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін облыс аумағында 9 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылған.

Ал 2026 жылы санитарлық тазалау жұмыстарына жергілікті бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінген.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Этносаралық келісім – тұрақты даму негізі» республикалық форумы басталды

Қорлан Нұрланқызы
29.06.2026

Қазақстанда 3000 запастағы әскери міндетті оқу-жаттығу жиындарына шақырылады

Қорлан Нұрланқызы
29.06.2026

Интернет-пирамидалардан сақ болыңыз!

Диана Ахметова
29.06.2026

Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның берік негізі

Диана Ахметова
29.06.2026

Мәулен Әшімбаев Сенатпен қоштасты: қос палаталы Парламенттің 30 жылдық кезеңі аяқталады

Қорлан Нұрланқызы
29.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz