Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында қалдықтарды өңдейтін зауыт құрылысы басталды

Алматы облысының Қарасай ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, оны қайта өңдейтін «ONDEU» зауытының құрылысы басталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Кешен жылына 450 мың тонна қалдықты сұрыптап, 14 мың тоннадан астам шикізатты қайта өңдеп шығаруға қауқарлы. Бұл өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға оң ықпал етеді. Сонымен қатар 300-ге жуық тұрғынды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық ахуалды түбегейлі жақсарту кезек күттірмейтін, стратегиялық маңызы зор міндеттердің бірі екенін үнемі атап өтеді. Қоқысты өңдеу жүйесін реттемей, өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес.

Әйтей ауылы маңындағы бұл полигонда 40 жылға жуық уақыт бойы қоқыс жиналған. Қалдық көлемі күннен күнге артып барады. Ал оны жай ғана жинап қою – мәселені шешу емес, оны уақытша шегеру ғана. Сондықтан бізге қалдықтарды қайта өңдеп, кәдеге жаратуға мүмкіндік беретін жүйелі шешім қажет.

Біз ертеңгі ұрпаққа экологиясы таза, өндірісі дамыған, табиғаты бай мемлекетті аманаттауға міндеттіміз. Бүгінгі шара осы игі мақсатқа қызмет етеді», – деген аймақ басшысы жобаның жүзеге асуына атсалысып жатқан инвесторларға, инженерлер мен құрылысшыларға ризашылығын білдірді.

Жобаның жалпы құны – 15 миллиард теңге. Кешен 5 гектар аумақты қамтиды. Қатты тұрмыстық қалдықтар «Suzhou JONO» компаниясының 100 пайыз автоматтандырылған технологиясы арқылы сұрыпталады. Соның нәтижесінде төрт түрлі таза шикізат – шыны, қағаз, пластик және металл бөлініп алынады. Ал қайта өңдеуге келмейтін қалдықтардан RDF балама отыны дайындалады. Осылайша қоқыс қайтадан экономикалық айналымға енеді.

Эко-кластердің екінші кезеңі пластик қалдықтардан жаңа өнім жасалатын «Bottle to Bottle» жобасы болмақ. Мұнда «ONDEU» кешенінен алынған 3000 тоннадан астам пластик терең өңделеді. Бұл кешеннің құны – 10,5 миллиард теңге. Қазіргі таңда құжаттары рәсімделуде.

Зауыт құрылысы 2027 жылдың соңында аяқталады. Осылайша, жоба экологиялық мәселелерді шешуге септігін тигізіп, өңірдің тұрақты дамуына серпін береді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Қонаев жастары Іле жағасынан 9 тоннадан астам қоқыс жинады

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында 500 млн теңге алимент өндірілді: 13 борышкерге қылмыстық іс қозғалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында алаяқтарға алдана жаздаған әйелді полиция құтқарып қалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz