Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында прокуратура мыңнан астам жұмысшының құқығын қорғады

Алматы облысының прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылау және жұмысшылардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастырып жатыр. Жыл басынан бері өңірдегі екі ұйымда қызметкерлерге жалақы уақытында төленбегені анықталған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Прокуратура мәліметінше, қабылданған шаралардың нәтижесінде 1 626 жұмыскердің құқығы қорғалып, жалпы көлемі 487 миллион теңге болатын жалақы қарызы толық өтелді.

Анықталған заңбұзушылықтардың бірі Еңбекшіқазақ ауданындағы «ALTYN ADAM» жекеменшік мектебінде тіркелген. Білім беру мекемесі ұзақ уақыт бойы 134 мұғалімге жалақы төлемеген. Жалпы берешек көлемі 75,9 миллион теңгені құраған.

Прокурорлық қадағалау нәтижесінде кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, еңбек инспекциясы заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізген. Қазіргі уақытта қызметкерлер алдындағы жалақы қарызы толық өтелген.

Прокуратура дерегіне сәйкес, биыл қабылданған шаралардың арқасында жалпы 18 839 азаматтың құқығы қорғалған.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Іле ауданында 44,5 млрд теңгеге 39 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Шыңғыс Әрінов Балқаш ауданының тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Іле ауданында үш ауысымды мектептер санын екі есеге қысқарту жоспарланып отыр

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Іле ауданында биыл 107 көше жөнделді: келесі жылы бұл көрсеткіш 150-ге жетпек

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Қонаевта спортшы жастарға экстремизм мен терроризмнің қаупі түсіндірілді

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz