Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында полиция қызметкерлері марапатталды

Қазақстан полициясы күні қарсаңында Алматы облысында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің еңбегі жоғары бағаланып, үздіктерге құрмет көрсетілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінде өткен салтанатты шараға ішкі істер органдарының қызметкерлері, сала ардагерлері, жас полицейлердің ата-аналары мен әскери-патриоттық бағыттағы «Жас сақшы» сыныбының тәрбиеленушілері қатысты.

Мерекелік жиынға қатысқан Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев полиция қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, құқық қорғау органдарының қоғамдағы рөліне тоқталды.

Аймақ басшысы бүгінде «Заң мен тәртіп» қағидаты мемлекеттің стратегиялық дамуындағы негізгі басымдықтардың біріне айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, әділетті қоғам қалыптастыру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау жолында полиция қызметкерлерінің еңбегі ерекше маңызға ие.

«Полиция қызметі – жоғары жауапкершілікті, кәсібилік пен батылдықты талап ететін абыройлы мамандық. Тәулікпен санаспай, ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында қызмет атқарып жүрген тәртіп сақшыларының еңбегі әрдайым құрметке лайық. Алматы облысының полиция қызметкерлері де бұл міндетті абыроймен атқарып келеді», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Сондай-ақ облыс әкімі полиция қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайту мен қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

Өңір басшысының мәліметінше, қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мақсатында жергілікті бюджет есебінен облыс аумағында 52 мың бейнебақылау камерасы, 325 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені және 18 модульдік полиция бекеті орнатылған. Бұдан бөлек, жыл басынан бері құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған 400-ден астам профилактикалық іс-шара өткізілген.

Салтанатты жиында Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев те сөз сөйлеп, қызметкерлерге кәсіби шеберлігі, адалдығы және антына беріктігі үшін алғыс білдірді.

Мереке барысында үздік қызметкерлер Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар бірқатар полиция қызметкерлеріне ҚР Ішкі істер министрлігінің және Алматы облысы Полиция департаментінің ведомстволық наградалары табысталып, кезекті арнайы атақтар берілді.

Шара аясында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан тәртіп сақшыларының рухына тағзым жасалды. Мәдениет үйінің фойесінде құқық қорғау органдарының батыр қызметкерлеріне арналған арнайы фотокөрме ұйымдастырылды.

Мерекелік кеш қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен қорытындыланды. Осылайша, қоғамдағы тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында еңбек етіп жүрген полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты: екі адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
24.06.2026

Алматы облысында полиция қызметкерлері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
24.06.2026

Екі жарым жыл өмір үшін күрескен сарбаз Ербаян Мұхтар көз жұмды

Қорлан Нұрланқызы
24.06.2026

Мемлекет басшысы «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелінде сөз сөйледі

Қорлан Нұрланқызы
24.06.2026

Алматы облысында Мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтті

Қорлан Нұрланқызы
24.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz